20 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізу мақсатымен республикалық қоғамдық комиссия құрылған болатын. Осы комиссияның жергілікті жерлердегі құзіретін атқару міндеті әр облыстағы арнайы орталықтарға жүктелгені белгілі. Маңызды саяси науқанға тәуелсіз байқаушы ретінде қатысқан тұлғалар кімдер болуы тиіс? Қанша адам байқаушы ретінде қатысты деген сауалдарымызды Сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссияның Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының төрайымы Вера ШОХИНАҒА жолдаған едік.
– Вера Кузминична, сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде тартылған адамға қандай талаптар қойылды? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.
– Сауалыңыз орынды. «Сайлау туралы» ҚР Заңының 20-1-бабына сәйкес, тәуелсіз байқаушыға қойылатын талаптар бар. Оны өзіңіз білесіз. Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер, белгілі бір партияның штабында жұмыс істейтіндер, депутаттыққа кандидаттардың үгіт-насихатын жүргізетін волонтерлер тәуелсіз сарапшы бола алмайды. Ал заңда көрсетілген талаптар мен шектеулерден ада, қоғамдағы түрлі құбылыстарға сергек қарап, азаматтық ұстанымын еркін білдіретін кез келген белсенді азамат тәуелсіз байқаушы бола алады. Біз де осы бағытта жұмыс істедік. Сайлау күні байқаушыларымыз тиісті учаскелеріне барды. Арнайы белгіленген орында отырып, сайлаудың өту барысын қадағалап, бюллетеньдерді санауға, хаттаманы толтыруға қатысты. Соңынан хаттаманың бір данасын біздің орталыққа әкеліп тапсырды.
– Жалпы, сонда облыста қанша тәуелсіз байқаушы жұмыс істеді?
– Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлаудың өту барысын 520 тәуелсіз байқаушы қадағалады. Оның 117-сі Орал қаласының сайлау учаскелерінде болды. Бір айта кетерлігі, биылғы байқаушылардың негізгі құрамы өткен Президент сайлауына қатысып, үлкен тәжірибе жинақтаған азаматтардан тұрды. Сайлау алдында байқаушылар үшін арнайы семинар-тренингтер өткізілді, мақсат-міндеттері түсіндірілді. Қолдарына байқаушы куәлігі, электронды және қағаз нұсқада байқаушы күнделігі берілді. Сайлау қорытындысында біздің байқаушылардың жұмысына қатысты ешқандай шағым-ескертпе түскен жоқ.
Жазып алған
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Рафхат ХАЛЕЛОВ.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше