Тағдырдың жазуымен туған елінен ажырап қалған талай этносты далада қалдырмай, ашыққанда асын, тоңғанда баспанасын берген ағадан халыққа «бөтенсің» деп кеудеден итермей, құшағына қысқаны үшін алғысымыз шексіз. Түріне, тіліне қарамай, тілегіміздің бір екенін ойға оралтты. Өткен ғасырдың қуғын-сүргін кезінде тарихи қонысынан, атамекенінен қуылған түрлі ұлыс өкілдері қазақтың тірлігімен біте қайнасып, салт-дәстүрін ұштастырды. Бауырына басқан батыр халық қайсыбір ұлттың болмасын салт-дәстүріне құрметпен қарап, ізгі ниетін білдірді. Тіпті, «ұлтың кім?» деп сұрамады. Бір үйдің баласындай өмір сүрді. Мұндай ерекше ықылас білдіру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Бұл – тек текті жұрттың қанында бар қасиет. Бүгінге дейін ескікөз есті қариялар алаш жұртының кең пейілі мен шексіз қамқорлығын тілге тиек етеді.
Қазіргі кезде еліміздегі барлық этнос өкілдері ел дамуына барын салып, түрлі салада жемісті еңбек етуде. Құшағы кім-кімге де айқара ашық, бауырмал да қонақжай Қазақ еліне алғысымыз шексіз. Миллиондаған халықтың ықыласына бөленген жұрттың «кең болсаң, кем болмайсың» деген даналық сөзі бейбіт күннің шамшырағына айналды. Оған дәлел Алматы облысы, Қаратал ауданындағы Бастөбе тауының етегінде Алғыс монументінің ашылғаны. Мұның барлығы Елбасының сарабдал саясатының арқасы деп білемін. Мемлекет басшысы ұлтаралық татулықтың арқасында этностардың басын қосып, мемлекет құраушы ұлт, тәуелсіз ел бола алатынын көрсетті.
Ұлттық құрамы, діни ұстанымдарының әртүрлілігіне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқылығы мен еркін дамуын негізге алған саясатты жүргізіп отырған Елбасына, қарапайым халықты бауырына басып, өз баласындай жатсынбаған қазақ халқына мың алғыс! Тәуелсіз Қазақстан жер тұрғанша тұрсын, күн сөнгенше сөнбесін!
Ашур ХАМИДОВ,
өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі.
Қызылорда облысы.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше