АСТАНА. 24 наурыз. Елбасы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысына қатысты. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Отырыста партияның парламент сайлауына қатысу қорытындылары талқыланды, сондай-ақ, кандидаттардың партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісіне депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды.
Мемлекет басшысы сайлауда «Нұр Отан» партиясына теңдессіз қолдау көрсетілгенін, сондықтан осындай жоғары сенімді ақтау қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Президенті сайлау үдерісін 1000-ға жуық байқаушылар мен әлемнің 51 елінен 150-ге тарта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылағанын айтты. Сайлау ашық, жария түрде өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп танылды. Жалпы алғанда, қазақстандықтар бірлігі мен тұтастығын, сондай-ақ ел дамуына үлес қосуға ұмтылысын паш етті. Мемлекет басшысы жаңа шақырылым депутаттары сенімді ақтауы тиіс екендігін, өйткені оларға Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асырудың айрықша жауапкершілігі жүктелетінін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың бекітілген тізімі барлық талаптар мен өлшемдерге сай екеніне, өңірлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыдан екшелгеніне назар аударды.
Қазақстан Президенті депутаттардың Парламентте жетекші саяси күш – «Нұр Отан» партиясы атынан өкілдік ететінін атап айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы партияның алдына бірқатар міндеттер қойды.
Атап айтқанда, Үкіметпен бірлесіп Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үдерісін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, қазақстандықтар дауыс берген сайлауалды бағдарламаның уақтылы жүзеге асырылуына атсалысу керек.
Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына партиялық бақылау жасау жұмысын күшейтуді тапсырды.
Мемлекет басшысы халықтың мұң-мұқтажын анықтауға және шешуге жақты атсалысу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара тығыз іс-қимылды жолға қою қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында Саяси кеңестің Бюро мүшелері – Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Башмаков сөз сөйледі.
Саяси кеңес Бюросының жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлу кезегін анықтау туралы қаулы қабылданды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылымы депутаттарының тізіміне «Нұр Отан» партиясынан енген халық қалаулыларын мына жерден оқи аласыздар.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: akorda.kz
• 24 Наурыз, 2016
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының бюро отырысына қатысты

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10