Оңтүстік өңірінде қауыз ашты
Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеді. Әдетте, бұл гүлдер сәуір айында қауыз жарып, көздің жауын алатындай болып жайқалатын.
Биыл оңтүстік өңірде көктем ерте шықты. Өсімдіктер де ерте оянып, мерзімінен бұрын гүлдей бастады. Осының бір дәлелі қырдың алқызыл қызғалдағы қауыз жарып, даланы гүлге бөледі.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде қызғалдақтың 83 түрі ерекше қорғалатын өсімдіктер тізіміне алынған екен. Оның 63-і тек Орта Азия елдерінде ғана өседі. Ал оңтүстікте сол Қызыл кітапқа енген қызғалдақтың 6 түрі кездеседі. Олар: Альберт, Борщов, Грей, Кауфман, Королькоф және Леманн деп аталады. Бұл гүлдер жылына бір-ақ рет бүршік жарады.
Айта кетейік, аталған қызғалдақтар Қаратаудың етегіндегі Бәйдібек ауданы мен Алатауды бөктерлей жатқан Қазығұрт, Төлеби және Түлкібас аудандарының аумағында ғана өседі.
– Қанша қорғаштасақ та, көздің жауын алатын қызғалдаққа қызығып, жұлып алушылар қарасы азаяр емес, – дейді табиғат жанашырлары. Сондай-ақ, табиғатты қорғау мамандары Жер-ана төсіндегі дала байлығын жұлатындармен күрес күшейтілгенімен қызғалдаққа қызығушылар тыйылмай келеді, деп отыр.
– Өткен жылы және алдыңғы жылы алты жайт бойынша іс қозғалып, құқық қорғау орындарына өткіздік. Оларға Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қызғалдақтарды жұлғаны үшін 3 мың айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, – дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Хамит Жорабаев.
Төребек ТҰРМАНОВ.

Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 14:30
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Технология • Бүгін, 14:18
Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 14:08
Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55