29 Наурыз, 2016

Қорғаныс министрі аяқ астынан тексеріс жүргізді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 29 наурыз. Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 27 наурыз күні түнгі сағат 01.00-де дабыл қағылып, Жамбыл облысындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған әскери шара барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов 03811 (Құлан ауылы), 91678 (Бауыржан Момышұлы ауылы), 85395 (Тараз қаласы) әскери бөлімдерінің және «Теріс-Ашыбұлақ» полигонының жауынгерлік әзірлігін тексерді. Бұл бөлімшелер белгіленген уақыт мерзімінде «Теріс-Ашыбұлақ» полигонына жиналып, қойылған міндеттерді орындады. Сондай ақ, жылжымалы басқару пункті, байланыс желісі және басқа да құрылымдар орнатылды. 85395 әскери бөлімінде (Тараз қаласы) тексерістің қорытындысы шығарылып, онда бөлімдердің жинақылығы мен ұтқырлығы және олардың белгіленген ара-қашықтыққа жетуі тексерілді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????