АСТАНА. 29 наурыз. Брюссель қаласына келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22 наурызда «Мальбек» метро стансасында болған террорлық акт құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекет басшысы осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірі Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
«Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды және Бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бельгияға сапар аясында сондай-ақ, Президенттің Еуропалық кеңес төрағасы Д.Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Ж.К.Юнкермен кездесуі жоспарланып отыр.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше