2010 жылғы 29 желтоқсан, Астана қаласы «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының 7-бөлім 49-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 наурызда № 5573 тіркелген Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2009 ж. наурыз, № 3, 338-б.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемінде: 4-тармақта: 1) тармақшада «ұялы байланыс пен» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) ұялы байланыс операторларының телефондық трафигі – 1 секунд;»; 5-тармақта: 1) тармақшада «ұялы телефон байланысы,» деген сөздері алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) ұялы байланыс: байланыс операторының телекоммуникация желі ішінде – 1 секунд; басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 1 секунд;»; 4) тармақшада «60» саны «30» санына ауыстырылсын; 6-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделмеген қосылуға төлем мен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.». 2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министр С.С. Сарсеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің м.а. Қ.ӘБСАТТАРОВ КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасы ________________ Есенбаев М.Т. «____» ______________ 2010 жыл КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ________________ Әбіқаев Н.Ә. «____» ______________ 2010 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6738 болып енгізілді.
Әйгілі Backstreet Boys тобы алғаш рет Астанада концерт береді
Елорда • Бүгін, 15:24
Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 15:00
Алакөлде адамдар отырған катамаран істен шыққан
Оқиға • Бүгін, 14:49
Астанада каратэден халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 14:30
Жүк көлігінің жүргізушісі бензин толы автоцистернаға құлап қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:15
Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді
Туризм • Бүгін, 14:00