– Мен үшін өткен жыл – ерекше жыл болғанын айтайын. Себебі, тамыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен облысқа келген сапарында жүздесудің сәті түсті. Бұл кездесудің ойламаған жерден орайы келді. Елбасы «халықпен кездеседі» дегенді естіген соң, байыз тауып үйде отыра алмай, жұртпен бірге сонда бардым. Нөпір халықтың алдына қалай шығып алғанымды білмеймін. Ол бір қас-қағым сәт болса да, Президентке ел жайын, Отанына оралған ағайындардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы күн өткен сайын жақсарғанын айтып үлгердім. Әрдайым қол дорбамда жүретін жолдасым, белгілі композитор, дирижер, еңбек сіңірген өнер қайраткері, марқұм Ахметбек Әлпекұлының Елбасына арнап жазған «Тәуелсіз Қазақстан» атты музыкалық шығармасын ұсынып үлгеруімнің өзі мен үшін бақыт болды.
Осындай қысқа уақытта марқұмның өзі тапсыра алмаған аманатын орындаудың өзі қандай ғанибет! Сол кезде мойнымнан ауыр жүк түскендей болды. Бұл музыкалық туынды – «Тәуелсіз Қазақстан» хор, солист, оркестрге арнап жазылған еді. Жуырда осы шығарма Астана қаласы филармониясының репертуарына енгізілгенін естіп, тағы бір марқайдым.
Елімізде атқарылып жатқан жақсы істердің, сара да сындарлы саясат пен баянды бастамалардың, тіпті, шетелдегі ұлы көштің елге бұрылуының барлығы тікелей Елбасы қамқорлығының арқасы. Мұндай жетістікке тек тәуелсіздік арқылы қол жеткізілгенін өз өмірің арқылы күн сайын сезінудің өзі қандай ғанибет.
Міне, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында қазақстандықтар әр күндерін бірегей істермен атап өтуде. Талдықорған қаласы көркейген әсем Астананың жақсылықтарын еншілеп, одан үлгі алып, өсіп, өркендеуде. Шаһардың кешегісі мен бүгінін салыстыруға келмейді. Ертегідегідей түрленген қалада көп жылғы еңбегімнің зейнетін көріп, балалардың амандығын тілеп отырған жайым бар. Ел өміріндегі мерейлі сәттер мені үйде байыз тауып отырғызбай, еліміздің бас газеті қосынына жетеледі. Мен неге жақсылығымды халқыммен бөліспеймін.
Жуырда ынталы топтың Өскеменде Тұңғыш Президентіміздің өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қуана құптап, қуаттаймыз. Біз Елбасымен біргеміз.
Иә, қоғамдық пікір – қоғамдағы қозғаушы күш десек, мәдениет қайраткерінің әңгімесінен халықтың Мемлекет басшысына деген қалтқысыз көңілін көреміз. Демек, ел іргесі берік.
Жазып алған Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға
Қоғам • Бүгін, 15:33
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
Оқиға • Бүгін, 14:51
Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?
Елорда • Бүгін, 14:34
Нұрай ісі: Жұмыстан шығарылған полицей өз нұсқасын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 13:58
Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты
Спорт • Бүгін, 13:23
Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:43
МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Жаңаөзенде электр станциясы жаңғыртылады: Инвесторлар қандай жоба ұсынды?
Аймақтар • Бүгін, 11:47