
Егемен Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2024
«Egemen Qazaqstan» – ұлт рухы мен замана жылнамасы. 105 жыл бұрынғы бірінші нөмірінен бастап мемлекетіміздің дамуы, тарихи сана мен рухани құлдырау кезеңі, жаңғыру мен қайта өрлеу тұстары тасқа таңба басқандай етіп жазылып тұрды. Менің ұлт басылымына басшы болып келуім мемлекетіміздің тарихындағы жаңа кезеңмен тұспа-тұс келді. Сол кезде Астананы Ақмолаға көшіру міндеті қойылды. Әуелі газеттің Ақмоладағы қосынын ұлғайттық. Елордаға баратын журналистер үшін тұрғын үй сатып ала бастадық. Ең бастысы, редакцияға жаңа мекенжай табу қажет болды.
Саясат • 11 Желтоқсан, 2024
Араб мемлекеттерінің елшілерімен кездесті
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің елімізде аккредиттелген араб мемлекеттерінің елшілерімен жұмыс кездесуі өтті.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2024
Қауіпсіздік іс-шаралары күшейтіледі
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығын тексерді.
Ғылым • 11 Желтоқсан, 2024
Инновациялық мамандыққа басымдық беру – заман талабы
Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім жүйесіне түбегейлі реформалық өзгеріс енгізіп, оны трансформациялау кейінгі жылдары анық сезілді. Осы орайда Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – осы салаға нақты өзгеріс енгізіп, ел экономикасын дамытуға бағытталған қадам.
Руханият • 11 Желтоқсан, 2024
Қарымды қаламгер, баспасөздің баһадүр ардагері Сүлеймен Мәмет есімі құлағы түрік, көкірегі ояу қазаққа жақсы таныс. Көркем проза мен эсселік көсемсөз оның қос қанаты десек болады. Осы сөзіміздің дәлеліндей, жақында жарық көрген «Жалқы жан» атты жаңа кітабына хикаяттары мен әңгімелері және танымдық-портреттік тұрғыдағы эсселері топтастырылған екен. Осынау шынайылыққа толы шығармалардың иіріміне батқан сайын қанаттас қаламдастың ұлт, ел мен жер деп соққан жүрек лүпілін аңдамай тұра алмадық.
Аңдатпа • 11 Желтоқсан, 2024
13 желтоқсан - «Алаштың Ахметі» І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында Ө.Ахметтің «Алаштың Ахметі» драмасы ұсынылады. Режиссері – Қ.Қасымов.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024
Ыстанбұл қаласындағы Мимар Синан Көркемөнер университетінде «Архив құжаттары бойынша 1940–1950 жылдары қазақтардың Үндістан мен Пәкістаннан Түркияға қоныс аударуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына көш тақырыбын зерттеуші Қазақстан, Үндістан және Түркия мемлекеттерінің белгілі ғалымдары қатысты.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, арамызда ел үшін еңбек етіп халқы үшін тер төккен ұлтжанды азаматтар көп. Олардың жасаған жақсылықтары әрдайым ел жадында. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деп қазақ атам бекер айтпаған. Өмірде адам салиқалы іс жасап артында өшпес із қалдырса шарапаты өзіне де халыққа да тиеді деп жатады.
Егемен Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2024
«Егемен» жүз беске толды деген жылы хабарды естігенде жадымда өткен өмірдің өртең жылдары жаңғырды. Өтпелі кезеңнің көк мұхиттай өкірген өксік пен өртке, сенім мен сертке толы қиын сәттері еске түсті. Ыдыраған империяның орнында пайда болған тәуелсіз жас мемлекеттің әлі оң-солын толық танып үлгере қоймаған, тәуелсіз ел болудың алғышарттарын да әлі игере қоймаған кезі. Ел іші толқыны тоғыз валды долы мұхиттың көзсіз құшағында қалған кемедегі адамдардың үрейлі халін бастан өткізгендей күй кешкенін қалай ұмытуға болды? Ауыр күндердің ел иығына қалай батып, халықтың тұрмыс тауқыметін қалай тартқаны еріксіз еске түседі…
Егемен Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2024
Басылым салдырған білім ордасы
Биыл ел газеті «Егемен Қазақстанның» жарық көргеніне 105 жыл толады. Кешегі «Ұшқыннан» бүгінге жеткен басылым қай уақытта да ұлтқа қызмет етуден айныған жоқ. Осыдан 5 жыл бұрын басылымда біздің Сексеуіл кентінде жүздеген баланың күнделікті теміржол аумағынан өтіп, орталықтағы мектепке барып жүргені туралы жазылған мақаладан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа білім ошағы бой көтеріп, осыдан үш жыл бұрын қолданысқа берілді.