Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23591 материал табылды

Егемен Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2024

Асыл қазына жиналса екен

Жүсіпбек Аймауыт­ұлы­ның бұл айрықша мұрасы «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихи бастауында 20-жылдары  жарық көрді.

Заң мен Тәртіп • 10 Желтоқсан, 2024

Адам құқын қорғау – әділетті қоғамның негізі

10 желтоқсан Халықаралық адам құқықтары күні ретінде 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы негізінде бекітілген. Бұл күн адамның тегіне, жынысына, ұлтына, діни сеніміне қарамай құқын қорғауды дәріптеді. Қазіргі уақытта ол – барлық адам үшін бостандықтың, теңдіктің және әділдіктің рәмізі.

Білім • 10 Желтоқсан, 2024

Ректор қызметіне үміткерлер қаралды

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен басқарма төрағасы – жоғары оқу орны ректорының кандидатурасын қарау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Үкімет • 10 Желтоқсан, 2024

Этносаралық келісімді нығайтуға баса мән беріледі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселе­леріне арналған респуб­ликалық жиын өткізді.

Үкімет • 10 Желтоқсан, 2024

Палата отырысының күн тәртібі бекітілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар 12 желтоқсандағы Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Сондай-ақ іс-шарада палата комитеттерінің осы аптадағы көшпелі отырыстарында қаралатын мәселелер талқыланды.

Тұлға • 10 Желтоқсан, 2024

Серікбол Қондыбай – күнтекті қаһарман

Заңғар замандасымыз Серікбол Қондыбай – түркі ғылыми мифологиясының іргетасын қалаған феномен. Жас кезінен Серікбол геоморфология, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасымен айналыса жүрiп, бiлiмнің сан-алуан күрделi салалары: тарих, фольклор, тарихи география, лингвистика, архео­логия, этнография, мифология тоғыстарындағы күллі адамзатқа ортақ мәдени-танымдық мәселелерге әмбебап зерттеушi, тың талдаулар жасау­шы ғалым деңгейiне жеттi.

Аңдатпа • 10 Желтоқсан, 2024

Аңдатпа

12 желтоқсан - «Атау кере» С.Сейфуллин атын-дағы Қарағанды об­лыс­тық академиялық қа­зақ драма театрында О.Бө­­кейдің «Атау кере» дра­ма­сы ұсынылады. Ре­жис­сері – С.Салбанов. 

Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024

Бір күнде берілген бірегей мүмкіндік: «Ипотека DAY» Астанада қалай өтті

«Отбасы банк» Астанада бірегей іс-шара өткізді. Банк, нақтырақ айтқанда, Астанадағы іргелі Конгресс-холға елдегі ірі 17 құрылыс компаниясының сату бөлімін шақырып, екінші жағына банктің мамандарын отырғызып, халыққа кеңес беретін бірегей мүмкіндік жасаған. Яғни, азаматтар бұрынғыдай баспана алу үшін банктің табалдырығын күнде тоздырып, құрылыс компанияларының сату бөлімін іздеп жүрмейді. «Ипотека DAY» іс-шарасының басты ерекшелігі де осы – салымшыларға өте ыңғайлылығында.

Саясат • 07 Желтоқсан, 2024

Қазақстан мен Сауд Арабиясы: One Water саммитіндегі жаһандық ынтымақтастық

Қазақстан мен Сауд Арабиясының ынтымақтастығы екі елдің ортақ құндылықтарға, стратегиялық мүдделерге және ұзақ мерзімді өзара құрметке негізделген үйлесімді өзара іс-қимылының үлгісі болып табылады. Өз аймақтарындағы негізгі мемлекеттер ретінде Қазақстан мен Сауд Арабиясы тарихи тұрғыдан тек экономикалық және саяси ғана емес, рухани факторлармен де біріктірілген тығыз байланыстарды сақтап келеді. Екі ел де ислам әлемінде және жаһандық сахнада тұрақтылықты, тұрақты дамуды және мәдени диалогты нығайтуды жақтайды.

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Young Researchers Alliance» қауымдастығы ұйымдастырған Жас зерттеушілер форумында сөз сөйледі.