Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23591 материал табылды

Пікір • 07 Желтоқсан, 2024

Жемқорлыққа қарсы күрес саясаты түбегейлі өзгерді

Адамзат өмірінде көлемді қаражат айналымға түскен күннен бастап жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы күрес толастаған жоқ. Біздің елімізде де мемлекет және қоғам болып сыбайластықтың тамырын үзуде ауқымды және жүйелі жұмыс атқарып келеді. Бұл саладағы қызметтің көтерер жүгі де ауыр, жауапкершілігі де мол. Себебі жемқорлыққа жол берген мемлекеттің дамудың даңғыл жолына түсуі – екіталай. Сондықтан агенттіктің атқарып отырған тиімді жұмысы, осы індетке қарсы тегеурінді күресі айрықша рөл атқарады.

Digital • 07 Желтоқсан, 2024

073/е медициналық анықтамасын енді онлайн алуға болады

«eGov.kz» порталын пайдаланушылар көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы енді онлайн ала алады.

Тұлға • 07 Желтоқсан, 2024

Ғалының ғажайып қасиеттері

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ руханиятының тарихында ерекше орын алатын айтулы тұлға. Оның артында төл шығармаларынан басқа ауыз әдебиетінің үлгілерінен жинаған мол мұра, тарихымыздан, мәдениетімізден, салт-дәстүріміз бен діни-рухани өмірімізден сыр шертетін құнды жазбалары қалды. Өткен жылдың басында Павлодар қаласында 10 томдық шығармалар жинағы басылып шықты.

Руханият • 07 Желтоқсан, 2024

Ұлттық сүзгі өте маңызды

Кейбір ата-ана дегдар баланы тәрбиелеу ғажайып бір әдістемелер немесе ерекше әдіс-тәсілдер арқылы болады деп ойлайды екен. Шынтуайтында, олай емес. Бәрі де қарапайым нәрседен басталады.

Руханият • 07 Желтоқсан, 2024

Өршіл рухты тілден іздеген тұлға

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры» деп айтыпты. Осыған орай адам болмысының жан-дүниесі мен ой-санасын бейнелейтін сөздің мәні қазіргі тіл біліміндегі адамтанымдық білімнің арқауына айналды.

Үкімет • 07 Желтоқсан, 2024

Мәжіліс Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2024

Жәңгір хан және Махамбеттің өлеңі

XIX ғасырда өмір сүрген ақын Махамбет Өтемісұлының Жәңгір ханға «Хан емессің, қасқырсың» деп басталатын екі шумақ өлеңіне жаңа ой қажет. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері хандар туралы, соның арасында Жәңгір Бөкейұлын тануға арналған зерттеулер, танытуға лайық мақалалар мен драмалық шығарма жарық көрді.

Басылым • 07 Желтоқсан, 2024

Медет пен құрмет

Таяуда филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы Орынбек Жолдыбайдың «Ардақтаймын атыңды» атты кітабы жарық көрді. Жаңа кітапқа еліміздің өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген Қуаныш Айтаханов, Ермек Жұмабаев, Керімқұл Пірімқұлов, сондай-ақ әріптестері Сырым Бақтыгерейұлы, Айтбай Тәсілов, Көпен Әмірбек, Серікқали Бәйменше, Ораз Қауғабай басқа азаматтардың өмірдегі жарқын жетістігі мен кісілік келбеті туралы портреттік очерктері енген.

Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2024

«Хат қоржын»

Тері өңдеуден неге теріс айналдық? Бүгінгі қазақ бұрынғы дәстүрінен айнымай, күздік жығу науқанын аяқтаған соң, әдеттегідей қысқы соғымын союға кірісіп кетті. Осы аралықта мал терісі күресінге лақтырылып, тау-тау болып үйіліп қалады. Халқымыздың жылдың басқа мезгілдерінде де қызылсыз отырмайтыны белгілі. Ондай кездері көбінесе пышаққа ұсақ мал ілігетіні мәлім. Демек қой мен ешкі терісі жүн-түбітімен қоса қоқысқа шығарылып тастайды.

Сатира • 06 Желтоқсан, 2024

Анау-мынау

Анау мен мынау сахнаның екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы шығады. Өздерін бір-біріне байқатпауға тырысады. Жүздерінен жақтырмағандық, жек көру нышаны білінеді.