
Мирас • 13 Қыркүйек, 2024
Кемеңгерге Кедринадан келген хаттар
Негізі Мұхтар Әуезовке жазылған хаттарды мұқият жинап, жазушы мұражайына өткізудегі Валентина Әуезова мен Ләйла Мұхтарқызының еңбегі зор. Әсіресе, З.Кедринаның бүкіл хаттары Валентина Николаевнаға бағытталып жазылғанымен, оның сыртында үнемі Мұхтар Әуезовтің өзі, елесі тұрады. Суреткердің сол кездегі көңіл күйі, психологиялық пошымы, эмоциясы мәтіндегі сөз ырғақтарынан, ритмдік реңнен байқалады. Бүтін бір кезеңнің эпистолярлық мәдениетін тануға мүмкіндік беретін бұл хаттар мәтіндері ұлттық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет жарияланып, ғылыми және әдеби айналымға ілініп, ғылыми тұрғыдан талданып, зерделеніп отыр.
Тағзым • 13 Қыркүйек, 2024
XX ғасырдың 60-жылдарындағы қазақ зиялыларының бойында елім-жұртым жетілсе екен, білімге сенген заманда есеміз кетпесе екен, халқына жақын ұл өссе, қанатын жазып қыз өссе дейтін ұлы мақсат бар еді. Сондай ханнан да қадірлі, жаны да, ары да, қолы да таза, тура сөзді, отырған орны орман, жас жапырақтарға қорған Күләш апа Құнантаева еді.
Зерде • 12 Қыркүйек, 2024
Ескі жүйелер тозып, ел тағдыры сынаққа түсіп, бұған дейін қалыптасқан құндылық пен әдет-ғұрып әлсіреп, жаңа жүйелер мен құндылықтарды қалыптастыру қажеттілігі туған кезде халық өз ортасынан сайланып шығар кісіні іздейді. Бодандық құрсауында жүріп өз тағдырына үңіле алмаған ұлт мәдени тірек қалыптастыру қажет болғанда әлгіндей талаптардың барлығына жауап бере алатын тұлғаларды шығарады. Осы тұрғыдан алғанда, Амангелді Әбдірахманұлы қазақ ұлтының қажетін өтеуге жаралған адам секілді еді.
Тұлға • 12 Қыркүйек, 2024
Амангелді Әбдірахманұлы көзі тірі болғанда биыл сексен бес жасқа толар еді... Қазақ пен орыстың арасын шекараның қызыл сызығы бөлгенде ауылы арғы бетте қалды. Ата қоныстан бозбала шағында елге өткен қаршадай бала саналы ғұмырын қазақты ел етем деумен сабақтап, ақсақалдықтан асып, елдің абызына айнала алды.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2024
Жаңашыл өндіріске басымдық беретін уақыт
Президент Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын оңтайландыратын негізгі салаларды қамтып отыр. Онда мемлекеттік басқару ісінен бастап несие және инвестиция саясатына дейінгі мәселелер төңірегінде біршама бастама көтерілді. Жүктелген міндетті тиімді әрі уақтылы орындау үшін бірыңғай экожүйе аясында жұмыс істеу аса маңызды.
ЖОЛДАУ • 12 Қыркүйек, 2024
Медициналық қызмет сапасының жақсарғанына мүдделіміз
Мемлекет басшысы Жолдауы бұл күндері көпшілік арасында қызу талқыланып жатыр. Денсаулық сақтау саласының қызметкері болғандықтан маған Президенттің халыққа медициналық көмектің қазіргі мәселелері жөнінде айтқан сөздері ерекше әсер етті.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2024
Қаржы институттарының рөлін күшейту керек
Мемлекет басшысы экономикалық белсенділікті қолдаудың маңызын дұрыс атап өтті. Бұл мәселені шешудің тиімді құралдарының бірі – қаржы институттарының рөлін күшейту. Қаржы институттары әртүрлі аймақтағы экономикалық басым секторларды қолдауда белсенді позицияны ұстануға тиіс.
Сараптама • 12 Қыркүйек, 2024
Отбасы – елдік дәстүрдің асыл арқауы. Отбасы институтындағы өзгерістердің негізінде мәдениетіміз бен экономикамыздағы құбылыстарды аңғаруға болады. Оның құрылымы, түрі ішкі әрі сыртқы факторларға байланысты. Уақыт өте келе өзгеріске ұшырайтыны да заңдылық.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2024
Тынымсыз еңбек табысқа бастайды
Мемлекет мақсат еткен ықпалды Парламенттің құрылып жатқаны Президент сөзінен көрініс тапты. Осы жолғы Жолдауда көрсетілгендей, Салық кодексінің асықпай жан-жақты әрі кешенді түрде өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін кейінге қалдырылғаны өте құптарлық қадам болды. Өйткені салық салушылар мен төлеушілер арасында келіспейтін тұстар баршылық. Халық үніне құлақ асатын мемлекетте бизнес пен халықтың кедергісіз емін-еркін дамуына мүмкіндік беретін заңдар көбею керек.
Пікір • 11 Қыркүйек, 2024
Азаматтар қауіпсіздігі – басты мәселе
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында сөз басын депутаттардың өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізгенінен бастады. Айталық, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданып, оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдарды айрықша атап өтті.