Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23837 материал табылды

Аңдатпа • 19 Желтоқсан, 2024

Аңдатпа

20 желтоқсан - «Тентектің оқиғасы» І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қа­зақ драма театрын­да «Тен­тектің оқиғасы» ер­тегісі ұсынылады. Режиссері – Қ.Ма­ратұлы. 

Ұлттық спорт • 19 Желтоқсан, 2024

Торғайлық тоғызқұмалақшы топ жарды

Торғай өңірі ұлттық спорттың барлық түрінен алдыңғы қатарда. Жақында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен тоғызқұмалақ жарысынан жерлесіміз Жайна Алпысқызы жеңіспен оралды. Ол аталған спорттың «Рапид» түрінен 2-орын, классикалық бағыттағы түрінен 1-орын алды.

Саясат • 18 Желтоқсан, 2024

Еліміз өзін әлемге таныта білді

Қазақстанның сыртқы саясаты қазір өте жақсы дамып келеді. Оны көп мемлекеттер жоғары бағалап жатыр. Дамыған, дамып келе жатқан мемлекеттер арасында өзінің орнын, мүддесін көрсетіп, танытты. Халықаралық аренадағы ірі саяси ойыншыларға да «қыр көрсетіп» қойды.

Саясат • 18 Желтоқсан, 2024

Көпвекторлы саясаттың жемісін көріп отырмыз

Қазақстан өзінің геосаяси, географиялық жағдайына, орналасуына, экономикалық әлеуетіне, одан кейін, әсіресе, белсенді сыртқы саяси қызметіне байланысты Орталық Азияда, тіпті жаһандық аренада маңызды рөл атқарып жүр.

Білім • 18 Желтоқсан, 2024

Қазақстан инженерлік білімнің жаңа дәуіріне аяқ басты

Еліміздің ғалымдары мен инженерлерінен құралған топ кадр даярлаудағы интеграциялық үдерісті зерделеу үшін Оңтүстік Кореяда болды. Мамандар алғашқы сапарында корейлердің машина, автомобиль жасау бойынша кәсіптік оқытуды қалай ұйымдастыратынын көріп қайтты. Ал екінші сапар құрамында Теміртау, Рудный қалаларының индустриялық университеттері мен Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері, сондай-ақ «ERG» және «Qarmet» қызметкерлері бар делегация металлургия саласындағы озық тәжірибемен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Университет • 18 Желтоқсан, 2024

«ISSAI KAZ-LLM» үлкен тілдік моделі әзірленді

Nazarbayev University-дің (NU) Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) зерттеушілері оқу орнында өткен брифингте нейрондық желі негізінде әзірленген «ISSAI KAZ-LLM» қазақ тілінің үлкен тілдік моделін таныстырды. Бұл жоба – отандық жасанды интеллектінің әлемдік арена­дағы ықпалдастығын арттырудағы маңызды кезең саналады. Қыс­қаша айтқанда, қазақ тіліндегі «ChatGPT»-дің негізі деуге келеді.

Тарих • 18 Желтоқсан, 2024

Күнәсінен қашан арылады?

Желтоқсан көтерілісін басып-жаныштау кезінде «ерлік пен құрметке бөленгендер» жетіп артылады. «Ерліктің» ең үлкені Қызыл Жұлдыз орденіне ие болыпты.

Зерде • 18 Желтоқсан, 2024

Бейбіт жастарға қару кезенбеген генерал

Өмірі өнеге тұлғалар туралы айтылмаса, ол тарих алдындағы қиянат болар еді. Бұл мақаламыз – кезінде әскерді халыққа айдап салу туралы Кремльдің бұйрығын орындаудан бас тартқан генерал туралы. Ол – бүгінде Мәскеуде тұратын 89 жастағы генерал, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, әскери ғылымдар докторы Владимир Николаевич Лобов.

Егемен Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2024

«Егеменнің» мерейтойлары

Сүйікті «Егеменімнің» 105 жылдық белесі қарсаңында күнделіктерімді парақтап көргенімде, біраз жайтқа қайыра қаныққандай болдым. Сол жазбаларымның қысқартылған нұсқасын оқырмандарыммен бөлісіп отырмын.

Тұлға • 18 Желтоқсан, 2024

Далалық даралық

«Максимова танцует вновь!». Студент кезімізде «Советская культура» газетінің бірінші бетіне айқайлатып берілген осы тақырып әлі күнге көз алдымда. Үлкен театрдың прима-балеринасы Екатерина Максимова отбасын құрып, нәрестелі болып, бірер жылға сахнадан қол үзген екен. Қазақы ұғыммен қайырсақ, баласы қарақұлақтанып, өзінің құлын мүсіні қалпына келгеннен кейін әлемге әйгілі биші атақты театрдың төріне қайта шыққан көрінеді. Максимованың қайта билеуі ел мәдениеті үшін қандайлық мерей болатынын, ондай адамдардың орны бөлектігін жаңағы тақырып та, бірінші бетке берілуі де, әуеде қалықтап бара жатқандай әсер қалдыратын керемет фотомен көмкерілуі де келісті көрсетіп тұр еді.