
Архив • 20 Желтоқсан, 2024
Қазақтың һас батыры Бауыржан Момышұлы «ақиқатты көкте Құдай, жерде архив қана айғақтайды» деп, архив қызметінің нақты бағасын беріп кеткен. Архивтің ел тарихын түгендеп, қоғам өміріне тигізер ықпалын бұдан асырып айту қиын.
Егемен Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2024
Ұят алға шыққанда, қоғам ілгері озады Сыбайлас жемқорлықтың ірісі мен ұсағы деген болмайды, өйткені оның қай-қайсы да елімізге елеулі залал келтіреді. Мәселен, ұлы Абай: «Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда?» десе, атам қазақ: «Ұялмаған бұйырмағанды жейді» деп қысқа қайырған.
Шаруашылық • 19 Желтоқсан, 2024
Агробанк ашылса, мемлекеттік қолдау мұқтаждарға жетеді
Ауыл шаруашылығының бүгінгі жай-күйі алаңдатарлық. Өкінішке қарай есеп басқа, іс жүзінде басқаша болып тұр. Бұл туралы Мәжілісте де, ел ішінде де айтылып жүр. Ұлардай шулаған шаруаларға ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің алғашқы форумында айтқан Президент сөзі демеу болды-ау. Бұған дейін тек бір тараптан есеп беріліп келсе, енді Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін басқосуда сала мамандарымен ашық диалог құрылса, шаш етектен асқан талай шаруа өз шешімін табатын еді.
Форум • 19 Желтоқсан, 2024
«QazaqSham» қазақтілді контент жасаушылар форумы
Мәдениет, өнер және медиа саласының өкілдері Астанада ұйымдастырылған «QazaqSham» форумында бас қосты. Іс-шара барысында отандық креативті индустрияны дамытуға, қазақтілді контент жасаумен айналысатын жас таланттарды қолдауға және саланы инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланды. Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектепте өткен форумға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және бір топ депутат қатысты.
Ғылым • 19 Желтоқсан, 2024
Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл толды. Осы айтулы оқиғамен еліміздегі «плазма физикасы» ғылыми мектебінің негізін қалаған біртуар тұлға, ұлы ғалым, ұстаз, отандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан ҰҒА академигі, марқұм Фазылхан Бәйімбетұлының 85 жылдығы қатар келді.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2024
Қазақстан биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы, Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қор сияқты бірқатар беделді халықаралық және өңірлік ұйымдарға төрағалық етті. Бұл ұйымдардың біразының құрылуының басы-қасында Қазақстан тұрса, кейбіреулерінің белсенді бастамашысы болды.
Сараптама • 19 Желтоқсан, 2024
Жұмыс пен отбасы тепе-теңдігі бүгінде қоғамдағы өзекті тақырыпқа айналып отыр. Еңбек нарығында жұмысшыларға деген жүктеменің артуы мен жұмысты ұйымдастыруда өзгерістер болып жатыр. Мысалы, көптеген адам қашықтан жұмысқа көшуде, кәсіби жауапкершілік пен отбасылық міндеттемелерді біріктіруде қиындықтарға тап болды. Бұл өмірдің осы екі саласы арасындағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін тиімді стратегияларды табу қажеттілігіне әкеледі.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024
Басқару тұжырымдамасына елдік ұстаным қажет
Ұлттық құраманың Париж олимпиадасындағы сәтсіздігінен кейін Үкіметте үлкен жиналыс өтіп, қордаланған мәселелер талқыланды. Бірқатар маңызды шешім қабылданды. Соның бірі бұдан былай облыстардағы, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардағы спорт басқармаларының басшыларын Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылатын комиссия келісімімен ғана қызметке тағайындайтын тәжірибені енгізіп отыр. Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп келе жатқан дебюрократизм мен децентрализм идеясына қайшы келмей ме?
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024
Бәрінен тәртібі мықты бала озады
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының орталығы – Сарыөзекте самбо күресінен еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, оқу ісінің үздігі, белгілі бапкер Бақыт Қоқысбековтің құрметіне дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир ұйымдастырылды. Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген балғын балуандар қатысты.