
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Оқырман ойы: Жақсы істердің жаршысы
Халықпен бірге Абай облысының оқырмандары да «Egemen Qazaqstan» газетін еліміздің бас газеті деп білеміз. Көңіліндегіні тауып, таным байытып отырғанына биыл 105 жыл толып отырған бұл газетті өңір ардагерлері үзбей оқып келеді. Келер жылға да арнайы жазылып жатқан жайымыз бар.
Тарих • 13 Желтоқсан, 2024
«Алтын сақина» пьесасының құнды қолжазбасы
Алаш арыстарының көпшілігі 1937-1938 жылдары «халық жауы» есебінде жалған, ауыр айыптаулармен атылып кеткеннен кейін олардың мұралары түгелге жуық тәркіленгені белгілі. Алаш арыстарының артында жүздеген кітабы қалды. Оны алаштанушы-ғалымдар, төте жазуды оқып, зерттеп жүрген азаматтар зерделеп, қазақ оқырмандарына қайтадан ұсынып жатыр. Бірақ ащы болса да ақиқат сол арыстардан – Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Телжан Шонанұлы мен Қошке Кемеңгерұлынан қалған қолжазбалар жоқтың қасы. Ал қазір пайдаланып жүргеніміз – тек қана ресми баспада шыққан кітаптары, басылымдарда жарияланған мақалалары, мұрағаттар, деректер. Баспадан шыққан кітаптардан да құнды нәрсе – қолжазба, яғни автордың ең алғашқы, ең дұрыс деп қараған түпнұсқасы. Ал баспадан шыққан кітаптарда сол кездегі цензураға ұшырап, басылмай қалған тіркестер де болады. Кітаби нұсқа мен қолжазбаның арасы жер мен көктей.
Пікір • 12 Желтоқсан, 2024
Цифрлық дәуірдегі ақиқат күресі
Бүгінгі дәуір адамзатқа жаңа мүмкіндіктер ұсынумен қатар, үлкен қиындықтарды да ала келіп отыр. Ақпарат өндірісі мен оның таралу жылдамдығына ілесу барған сайын қиындап бара жатқан заманда, коммуникация экожүйесі түбегейлі өзгеріс процесінен өтіп жатыр. Алайда бұл өзгеріс үдерісі оң ілгерілеуді қамтумен бірге, адамгершілік, мәдени және рухани сынақтарды да қоса алып келді.
Заң мен Тәртіп • 12 Желтоқсан, 2024
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Парламент әдеттегідей жылды қарқынды жұмыспен аяқтағалы отыр. Осы жылы да негізгі салалардағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобалары әзірленді. Заңдар жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап күшіне ене бастайды. Онда Мемлекет басшысы белгілеген басым міндеттер ескерілген. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында 70-ке жуық, Сенаттың қарауында 14-ке жуық заң актісі бар, көптеген жобаның жұмысы аяқталды және заңдарға Президент қол қойды.
Егемен Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2024
Қазақстанның бірінші әуе кемесі
Ленинградта Қазақстанның бірінші әуе кемесі істеліп шықты. Кеменің бағасы – 18 мың сом, өзі соғысқа арналып істелген. Сондықтан Қазақстаннан барған комиссия оны Ленин атындағы әуе кеме отрядына тапсырды.
Егемен Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2024
Ұлылар мен ірілердің ізі қалған
Қырық жылдық журналистік ғұмырымның 27 жылы ел газеті «Егемен Қазақстанда» өткен екен. 1990 жылдың 1 желтоқсанында бас редактор Шерхан Мұртазаның бұйрығымен «Социалистік Қазақстан» газетінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі қызметіне кірістім. Бес жыл еңбек еткен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының ұжымымен қимай қоштастым. Содан кейін рухани қара шаңырақта үздіксіз еңбек етіп, тілшіден басылым басшысына дейінгі жолдан өткен екенмін.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2024
Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы
Астана қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Үкімет • 12 Желтоқсан, 2024
Шаруаларға демеу болған консорциум
Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қарашығанақ Оперейтинг Б.В.» арасында жасалған меморандум бойынша жұмыстардың орындалу барысын талқылады. Келісімге биылғы шілдеде қол қойылған. Ол бойынша консорциум жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін сатып алуға міндеттенді.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2024
Экономикалық әріптестік нығая береді
Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен тауар айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады.
Тұлға • 12 Желтоқсан, 2024
Өткен ғасырдың 20–30-жылдарында кеңестік империя «халық жауы» деген жаламен қазақ халқының мыңдаған асыл азаматтарын жазықсыз жазалағанына тарих куә. Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысынан он мыңнан астам адам түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, жер аударылды. Сондай қуғын-сүргінге ұшырағандардың бірі – Хамза Ыбыраев еді.