Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3253 материал табылды

Тұлға • 28 Наурыз, 2025

Алаш мұратына адалдық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз кезінде елге қызмет етудің үздік үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олардың мұрасын жастарға және әлемге паш етуіміз керек», деген болатын.

Жансарай • 28 Наурыз, 2025

Қайран қасиетті әжелер-ай...(Эссе)

Қазақ ортасында әжелер бесігі академиясының қасиеті ерекше еді-ау. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін де емес. Сол әжелердің қаттылау, бірақ жып-жылы алақандарының қызуы біздің ойдан да кетпес. Көзден де жоғалмас. Көңіліміз бен жанымызда ізі қалды ғой. Сол аялы алақан мейірімі бізбен бірге о дүниеге кете барар-ау. Алдыңғы ұрпақ та көшеді, кейінгі ұрпақ та, соларды қуалай көшіп кетіп жатады. Өткенді еске алып, әулетіміздің көне фотоальбомын немерелерімен қосылып ақтару әдетке айналғалы қашан. Бүгінде сол фотоальбомнан, әжемнің суретін көріп ойға баттым. Немерелер бір бөлек абыр-сабыр қозғалыста. Мен тіпті бөлек, телегей тарихқа теңселе түсіп жүре бергенімді аңғармай да қалдым.

Тұлға • 28 Наурыз, 2025

Әдебиеттану алыбы

Биыл Семей полигонының кіндігі Дегелеңде туып-өскен, бар саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына арнаған ұстаз, ғалым, жазушы Рымғали Нұрғалидің туғанына – 85 жыл.

Аңдатпа • 28 Наурыз, 2025

Аңдатпа: Ертегілер елінде...

29 наурыз - Атырау об­лыс­­тық Махамбет атындағы акаде­миялық қазақ дра­ма театрында Милн Алан Алек­сандрдың «Винни және онын достары» ертегісі қойылады. Режиссері – Ә.Серікбаев.

Пікір • 27 Наурыз, 2025

Торғай тағы да түлегелі тұр

Қасиетті ораза айында жер шоқтығы Бурабайда өткен Құрылтайдың кезекті отырысында Қазақстан халқын қуанышқа бөлейтін жағымды жаңалық елді елең еткізді. Бұл шынында, халықтың көңілін күпті қылып жүрген өзекті мәселенің бірі еді...

Пікір • 27 Наурыз, 2025

Көкейдегі ой көпке жеткен жиын

Қазақ тарихында ел тағдырына қатысты келелі шешімдер шығарылатын Құрылтай жиы­ны кейінгі үш-төрт жылда заманға сай трансформацияланып, жаңаша сипат алды. Ол жерде қоғамның барлық саласынан жиналған белсенділер топтасып, өзекті мәселелерді көтеріп жатыр. Киелі Көкше жерінде өткен төртінші отырыста да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көкейінде жүрген түйткілдерді ортаға салды.

Әдебиет • 27 Наурыз, 2025

Өткен жыл өрнектері

Нағыз мейрам – Наурыздың жаңа күнінде 2024 жыл маған не берді, жыл он екі айда не жасадым деген санамақ ой түртті. Әдебиет пен өнердегі атаулы оқи­ға­лар қандай да бір қалам иесін бейжай қалдырмасы белгілі. «Фолиант» бас­­пасы жыл сайын ұйымдастыратын «Astana Eurasian Book Fair – 2024» ­VII халық­аралық кітап көрме-жәрмеңкесі былтыр 17–21 сәуір аралығында өтті.

Тұлға • 27 Наурыз, 2025

Болат

«Артық-ауыс сөзі жоқ, мінезі жұмсақ, қақ-соқпен ісі болмайтын, қой аузынан шөп алмас момын санап жүрген курстас досымыз аяқ астынан айды аспанға шығарды». Мұны жазған адам – академик Рымғали Нұрғали. Айтып отырған адамы – Болат Бодаубай. Бүгінгі белгілі журналист, танымал жазушы, қайраткер қаламгер. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.

Тұлға • 27 Наурыз, 2025

Ел ағасы Әнекең

Біз Ақмолаға көшіп келген жылы ол 44 жастағы жігіт ағасы еді. Байыпты әрі намысты. Ұлт туралы жиған білік-білімін әрқашан толықтырғысы келіп тұрады. Өсіп-өнген жері – қазіргі Астанадан 125 шақырым жердегі Жолымбет кеніші. Бұл азамат талай жыл Целиноград аталған қаланың жас қоғам қайраткері деңгейінде-тін. Сол 90-жылдары анасын, бауырларын көріп таныстық. Шешесі кең пішілген, дәстүрге жетік, әулетті үйіріп отырған жан екен. Іні-қарындастары бәрі жақсылыққа бой түзеген еңбек адамы болып шықты. Ата-ананың тәлімінен шығар. Жары Ләтипа бастауыш сыныпта сабақ беретін. Дәрігерлер неше түрлі ауыр диагноз қойса да, Жаратқан заңын таңдап, еріне перзент сүйгізген ерлігі де бар-ды. Құлыны әу баста ресми «Эльмира» болып, ұлт сана-сезімі жанданған жылдары бұл есімді Елмейір деп өзгерткені де есімізде.

Театр • 27 Наурыз, 2025

Сахна өнері: сан мен сапа қайтсе үндеседі?

Қазіргі қазақ театры дегенде, сахна өнерінің бүгінгі аяқ алысы мен даму үдерісі әсте естен шығуға тиіс емес. Қуанарлығы сол, заманауи Қазақстан театр өнері уақыт талабына сәйкес жаңғырып, жаңа бағыттарды игеріп келеді. Оның айқын дәлелі – «Театр сыншылары бірлестігінің» өткен жылы жүргізген мониторинг қорытындысы.