
Заң мен Тәртіп • 12 Сәуір, 2025
Әділетті қоғамның тірегі – білікті заңгер
Заңгерлік жоғары оқу орындарының түлектері арқылы қоғамның құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің құндылықтары мен көзқарастарын бекітеміз. Мемлекеттің, экономиканың және әлеуметтік саланың жағдайы мамандарды даярлау сапасына байланысты. Сондықтан осы секторды тиімді нығайтуда негізгі мәселелерге ерекше назар аудару қажет.
Үкімет • 12 Сәуір, 2025
Отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Басылым • 12 Сәуір, 2025
Таяуда елордадағы «Фолиант» баспасынан заңгер, қаламгер Марат Азбанбаевтың «Абайдан Азбанбайға дейінгі сот істері» атты еңбегі жарық көрді. Сот саласында ұзақ жыл қызмет атқарған азаматтың әр жылдары жазған «Менің Қазақстаным. Жұмекен», «Әділ, әсем әлем», «Қарқабат», «Мықты қазақ және «Игорь полкі туралы жыр» атты кейде тосындау, кейде қалыпты кітаптары оқырманды бейжай қалдырмағаны да есімізде.
Руханият • 12 Сәуір, 2025
Халық мұрасын құнттаған қаламгер
Ұмытпасам, 1989 жылдың жаз айы. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Қытай жерінен келген ақын-жазушылармен кездесу болады екен деген құлақтандыру тарады. Бұрын-соңды шетелдіктермен кездесіп көрмеген, темір шымылдық ішінде өскен біздер, әсіресе, жастар жағы елеңдесіп қалдық. Оның үстіне, кездесуге келетіндер анау-мынау емес, кеңес үкіметінің «қас жауы» Қытай елінен, көзіміз үйренген орыс-оймауыт емес, қазақ ағайындар болса, қалай елеңдемейсің?
Ғылым • 11 Сәуір, 2025
Астанада I Республикалық «Жас ғалым» форумы өтті
Еуразия ұлттық университетінде I Республикалық «Жас ғалым» форумы өтті, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам жас ғалымдар жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 11 Сәуір, 2025
Адамзат тарихындағы ең зұлмат қантөгіс – Екінші дүниежүзілік соғыста «Отан үшін, жер үшін!» деп қасық қаны қалғанша, ақтық демі таусылғанша шайқасқан отандастарымыздың ерлігі – бір-бір дастан. Ал елі барда ерен ерлер есімі ешқашан ұмытылмауға тиіс. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архив ұжымы жүйелі жұмыс атқарып келеді.
Өшпес даңқ • 11 Сәуір, 2025
Қызыл алаңнан мотоциклмен өткен сержант қазақ кім
Біздің баспасөз беттерінде ес білгеннен бастап ескірмей келе жатқан бір тақырып бар. Ол 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында 1941–1945 жылдардағы соғысқа қатысқан аға-апаларымыздың ерлігін жазып, көрсету. Насихаттау. Бұл – дұрыс. Өйткені халқымызға сын болған сол алапатта қазақ ұландары жасқанып, жалтақтамады. Еш сыр бермей майданда да, тылда да ел тағдырын еңкеймей көтере білді. Сондықтан да ол от кешуге қатысқан қандастарымызды бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп айту – парызымыз. Міндетіміз.
Тұлға • 11 Сәуір, 2025
Жақында ғана елдігіміздің тағы бір келісті көрінісіне куә болдық. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада халқымыздың аса көрнекті тұлғасы туралы танымал мемлекет және қоғам қайраткері жазған кітаптың тұсаукесері өткізілді.
Алматы • 11 Сәуір, 2025
Алматыда қоқыс өңдеу зауыты салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниялар тобының президенті – басқарма төрағасы Лун Цзишэнмен былтыр қарашада Қытайға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Пікір • 11 Сәуір, 2025
Биылғы наурыз айында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген мәселелер мен жариялаған шешімдерді халқымыз ерекше ықыласпен қабыл алды. Соның ішінде Мемлекет басшысы Үкіметке Орталық – Батыс автомобиль жолын бастауды тапсырғанының саяси-әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызы зор.