Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24047 материал табылды

Аймақтар • 21 Мамыр, 2025

Депутаттар Талдықорған - Текелі арасында жолаушылар пойызын іске қосуды ұсынды

Жетісу облысының тұрғындары Талдықорған мен Текелі қалалары арасындағы теміржол желісін жолаушылар тасымалы үшін пайдалануды сұрап, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына жүгінген. Осыған байланысты партия депутаттары Көлік министріне сауал жолдап, Мәжілістің жалпы отырысында осы мәселені көтерді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 21 Мамыр, 2025

Астанада VII Параспартакиада өтеді

30 мамыр мен 12 маусым аралығында елордада тірек-қимыл аппараты, көру мүшелері зақымданған және интеллектуалдық даму ерекшелігі бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII Параспартакиадасы өтеді. Бұл жарыс мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттағы әлеуетін дамытуға және инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 21 Мамыр, 2025

Ертең еліміздің барлық өңірінде дабыл белгісі қосылады

22 мамыр күні таңертең еліміздің барлық өңірінде ескерту жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дыбыстық дабыл белгісі ойнайды. Бұл – «Өрт-2025» оқу-жаттығуы аясында өтетін жоспарлы шара, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 21 Мамыр, 2025

Қазақстандық әскерилер «Best Warrior» байқауында топ жарды

Еліміздің Қарулы Күштеріндегі бір топ сержант АҚШ-тағы халықаралық додада алға  шықты. Аризона штатындағы Навахо әскери базасында өткен Best Warrior-2025 байқауында ел намысын қорғаған сержанттар – Дархан Аслан мен Рауан Тоқтарбеков мықтылар сапынан көрініп, Қазақстан Қарулы Күштерінің абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 21 Мамыр, 2025

Басым міндеттер талқыланды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтөбе облысының жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және дарынды жастарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және өңірді дамыту мәселелері, сондай-ақ палатаның мәслихаттармен өзара іс-қимылының жаңа форматы аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2025

Көртоғайдағы аспакөпір

Елімізде туризм жыл сайын қарқынды дамып келеді. Әр өңірде әртүрлі туристік нысандар салынып жатыр. Солардың бірі – Алматы об­лысының Кеген ауданындағы Көртоғайда салынып жатқан ас­пакөпір.

Қоғам • 20 Мамыр, 2025

«Қазақ ауылында туып-өскенімді мақтан тұтамын!»

Өмірге келген сәтіңнен бастап, туған жерің саған алтын бесік-атамекен болып саналатыны сөзсіз. Ол мекен – әке-шешеңнің, ата-әжеңнің, арғы ата-бабаларыңның, сенен кейінгі ұрпақтардың құтты қонысы, мекені. Менің туып-өскен жерім – Солтүстік Қазақстан облысы  Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы. Бақытты балалық шағым осы ауылда өтті.  Үлкен қазақ ауылында жалғыз ғана орыс отбасы тұрдық. «Сен орыссың, біз қазақпыз» деп бөлгендерін ешқашан естімегендіктен отбасымызбен  әбден сіңіп кеткеніміз шындық.

Қоғам • 20 Мамыр, 2025

Соңғы қоңырау шарасына бірқатар шектеулер енгізілді

Биыл еліміздегі мектептерде оқу жылы 23 мамырда аяқталады. Бұл күні барлық білім ұясында «Білімім – Отаныма!» атты республикалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Шара барысында «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтарына ерекше көңіл бөлінеді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2025

Еліміздің бірнеше өңірінде халық саны азайған

Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 41 қаланың жартысынан астамында соңғы бір жылда халық саны қысқарған. Бұл туралы Бірінші несие бюросы жанындағы талдау орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Коронавирус • 20 Мамыр, 2025

Азия елдерінде COVID-19 қайта өршіді

Оңтүстік-Шығыс Азияда, әсіресе Қытай, Гонконг және Сингапурда COVID-19 вирусы қайта өршіп жатыр. Оған вирусың мутацияға ұшырауы  себеп болған, деп жазады Egemen.kz