Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23575 материал табылды

Қоғам • 27 Ақпан, 2025

Жасанды интеллект және этикалық жауапкершілік

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жасанды интеллект және этика: тұрақты болашақ» атты воркшоп өтті. Қазақстан, Қырғызстан, Мысыр, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келген қатысушылар бас қосқан жиынның негізгі мақсаты – жасанды интеллектіні қолдану­дың этикалық мәселелерін талқы­лау, оның орнықты дамудағы рөлін қарастыру және осы саладағы халықаралық тәжірибемен бөлісу.

Үкімет • 27 Ақпан, 2025

Серіктестік бағыты байыпталды

Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Өшпес даңқ • 27 Ақпан, 2025

Бірімжановтың жерленген орны анықталды

Халқымыздың ардақты ұлдары – Ресей Мемлекеттік Думасы­ның алғашқы екі шақырылымының депутаты, заңгер Ахмет Бірімжанов пен қоғам қайраткері, алашшыл азамат Ғазымбек Бірімжановтың туған інісі Жұмахан Бірімжанов Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кет­кендердің қатарында болған еді. Алайда 83 жыл өткен соң, оның жерленген орны анықталғаны жөнінде хабар шықты.

Қоғам • 26 Ақпан, 2025

Құқықтық менталитет негіздері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты идеясы – билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайту, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» үштағанын жүзеге асыру. Осы үштаған халықтың мұң-мұқтажына жедел назар аударып, диалог арқылы қоғам тұрақтылығын қамтамасыз ету мен азаматтық қоғам қағидаттарын дамытуды мақсат тұтты.

Саясат • 26 Ақпан, 2025

Жаңа технологиялар салаларындағы әріптестік

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қырғыз Респуб­ликасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына және Цифрлық үкімет кеңсесіне барды.

Халық • 26 Ақпан, 2025

Бірлік жауапкершіліктен басталады

Тарихқа үңілсек, әлемнің барлық мемлекеті бірлік формуласын іздейді екен. Себебі бұл – мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Ал біздің ел бірлік формуласын 30 жыл бойы Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы іске асырып келеді.

Үкімет • 26 Ақпан, 2025

Су тасқынынан қорғау шараларын тексерді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Аршалы ауданындағы Жібек Жолы ауылында, Целиноград ауданындағы Тайтөбе, Талапкер ауылдарында және Ақмола облысының Қосшы қаласында болды.

Саясат • 26 Ақпан, 2025

Ынтымақтастықтың тың мүмкіндіктері

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамад Әл-Бусаидимен келіссөздер өткізді.

Үкімет • 26 Ақпан, 2025

Шаруаларды қолдауға қаржы бөлінді

Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Саясат • 26 Ақпан, 2025

Байыпты байланыс

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак энергетика, мұнай, газ және инфрақұрылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.