Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23578 материал табылды

Қоғам • 18 Ақпан, 2025

Өзекті пікір, пайдалы ұсыныс

Салықтық-бюджеттік реформаларға дайындық тақырыбы өңір-өңірде қызу талқыланып жатыр. Үкімет өкілдері жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныс, пікірін тыңдап, көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап беріп келеді.

Пікір • 18 Ақпан, 2025

Сарапшы: Күтіп отырғанымыз – толыққанды үшжақты келіссөз

– Кейбір сарапшылар 1932 жылғы Мюнхен келісімімен салыстырмалы түрде ұқсастық іздеп жатыр. Егер Украина қатыспай­тын болса, келіссөздер аталған келісімнің мүдделеріне қайшы келуі мүмкін дейді. Біз білетіндей Мюнхен келісімінде Еуропа, оның ішінде Франция мен Ұлыбритания Германияға Чехословакияны «құрбан» еткен еді. Чехословакияның 38 пайызы Германияның құрамына өтіп кетті. Сондықтан мұндай келіссөздер Киевтің қатысуынсыз екіжақты форматта өтетін болса, Украинаның негізгі басымдықтары мен ұстанымдарына қауіп төнеді.

Қоғам • 18 Ақпан, 2025

Саламаттылық шарасы

Астана қаласында «Taldau Run» спорттық жүгіру жарысы өтті. Спорттық іс-шараға Сарап­шылар клубының мүше­лері, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» түлек­тері және саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген бел­сенді азаматтар қатысты.

Үкімет • 18 Ақпан, 2025

Жаңа әкімдерді таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

Үкімет • 18 Ақпан, 2025

Күн тәртібі бекітілді

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтіп, депутаттар 20 ақпандағы Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Ғылым • 18 Ақпан, 2025

Ғалымның мақаласы емес, жаңалығы қымбат

«Scopus», «Web of Science» дерекқорларында индекстелген журналдар ғылымға қандай пайда әкеледі? Жаңалығы жоқ мақала жазу формализм емес пе? Аталған ғылыми журналдарға мақала жариялауды докторанттарға міндеттеп, ол болмаса қорғауға жібермегеннен кім ұтады? Осындай сұрақтар көпшіліктің көкейінде жүргені анық.

Инфографика • 18 Ақпан, 2025

Транзиттік дәліздің тартымдылығын арттырудың жөн-жобасы

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміз Еуразия кеңістігінде көлік-логистикалық хабқа айналуы керектігін айтты. Ол үшін халықаралық транзиттік дәліздердің сапасы тиісті талаптарға сай болуы шарт. «Транзиттік дәліздердің тартым­дылығын қалай арттырамыз?» деген тақырыпта «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында өткен дөңгелек үстелде елдегі транзиттік бағыттардың ахуалы қандай деген сауалға жауап іздедік. Жиынға Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков, Көлік министрлігі Көлік саясаты департаменті директорының орын­басары Сәтжан Өзбеков, Авто­жол комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр, Темір­жол комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов, «Қазақ­станның автожолшылар қауымдастығы» төрағасы Бағлан Байма­ғам­бетов, Қазжол ҒЗИ вице-президенті Нұржан Мұқаев, Қазжол ҒЗИ Цифр­ландыру басқармасының басшысы Құрманғазы Тілеу, «Қазақ­стан теміржолшысы» газетінің журналисі Сұлугүл Бәкесова қатысты.

Руханият • 18 Ақпан, 2025

Шоқай және Топчибашы

Мұстафа Шоқай мен Әли Мардан бек Топчибашы (ӘlimӘrdan bәy әlәkbәr oğlu Topçubaşov) есімі түбі түркі халықтарының тәуелсіздік жолындағы күресінің ең бір көрнекті өкілдері ретінде тарихтан мәлім. Мақсат-мүдделері бір қос тұлғаның түркі мемлекеттері мүддесі жолындағы күрескерлік рухы әлі де өзінің маңызды рөлін жоғалта қойған жоқ.

Руханият • 15 Ақпан, 2025

Қаламгердің Қарқара сапары

1996 жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз қарсаңында Мұхтар Мағауин «Ал Ораз, «Жұлдызға» жұмысқа қабылдандың» деп, менің өтінішіме қол қойды. 90-жылдардың соңы. Алматының қоңыр күзі. Бірде бас редакторымыз Мұхаң кабинетіме кірді. «Ораз, сенің еліңде қырғыз шекарасында Сантас атты асу бар. Есім хан жоңғарларды тас-талқан етіп, жеңіс туын көтерген. Сол тарихи орынды көруім керек» деді. Көп өтпей жолға шықтық. Кегенге тарттық. Райымбек батырдың қалмақтармен соғысатын Көкпекті жазығынан өткен соң кішкене төбеге шығып, жайғастық. Мұхаң жеңгеміз қоржынға салған қазы-қарта, жал-жаяны шығарды.

Тұлға • 15 Ақпан, 2025

Ерекше саланың генералы

Ұстаз бен шәкірт арасында бір тылсым байланыс болуы керек. Әскери салада бұл оңай емес. Саланың кәсіби шебері, өмірін осы бағытқа арнаған бірден-бір тұлға қазақтың алғашқы генерал­дарының бірі Шәкір Жексенбаев еді.