Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1730 материал табылды

Білім • 30 Мамыр, 2024

Мектептің мерейлі кезеңі

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында мектепке ­де­йін­гі, орта және кәсіби білім беретін 700 мекеме оқу жылын аяқтады. Оларда оқитын 100 мыңнан артық тәрбиеленуші мен оқушы жазғы демалысқа шықты.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2024

Бірлікпен біткен іс

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы біздің Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты сәуірдің 27-сінен кейін ғана басталды. Оған дейін қаланың Есіл жақ беттегі шағын аудандарын су басып, жергілікті билік пен тұрғындарды, құтқарушылар мен полицияны, әскерилер мен волонтерлерді – бәрін қатты әбігерге салды.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2024

Жан-жақты көмек – көңілге демеу

Солтүстік Қазақстан облы­сы­ның әкімі Ғауез Нұрмағам­бетов үйін тасқын су бұзып кет­кен отбасыларға берілген 31 пәтердің иелерімен кездесіп, құттықтады.

Энергетика • 28 Мамыр, 2024

Делдал азайып, тариф төмендеді

Солтүстік Қазақстан облысында электр және жылу қуатын өндіретін де, халыққа, кәсіпорын-мекемелерге тарататын да – «Севказэнерго» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары. Еншілес кәсіпорындардың барлығы бір акционерге сатылып, тегіс жекеге айналдырылған. Бас директоры – Анатолий Казановский.

Университет • 25 Мамыр, 2024

Ректорсыз университет

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақ­­стан уни­вер­ситеті тұтасымен мем­лекеттік ме­кеме. Екі жылдан бері АҚШ-тың Аризона уни­верситетіне сенімді басқаруға берілді деген дақпырт шыққанымен тек кейбір агро-тех­ни­калық мамандықтар ғана сол оқу орнының бағ­дарламасымен оқиды. Біздің студенттер үшін­ші курстан кейін ­сонда барып білім алады.

Жәдігер • 23 Мамыр, 2024

Айрықша зермен әдіптелген белбеу

Мына белбеу Шал ақынның (1748-1819) туған інісі Қазақпайдың тікелей ұрпағы Қошан Жантілеуов ақсақалдың 30-40 жылдай қолынан тастамай тұтынған дүниесі екен. Жақсы иленген өгіз терісінен жасалған.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2024

Ешкім баспанасыз қалмайды

Солтүстік Қазақстан облысында су басқан 3 898 үйдің 87 пайызының жағдайы сарапталып, бағаланды. Комиссияның шешімімен 508 үй қалпына келтірілмейді деп шешім қабылданды. Сонымен қатар 845 үйді жөндеу жұмыстары белгіленіп, сметасы жасалды. Осы аптаның аяғына дейін техникалық зерттеулер, сметалық есептер және бағалау құжаттары тұрғындардың қолына беріледі.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2024

Өрт қауіпсіздігін жан-жақты ойлаған жөн

Облыста орман қоры 550 мың гектар аумақ пен «Көкшетау» ұлттық табиғи паркіне тиесілі 134 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл – облыс аумағының 5,5 пайызы. Орманның 85 пайызы – ақ қайың, 7 пайызы – терек, 4 пайызы – қарағай, қалғаны шырша, тал сияқты аз санды ағаштар.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2024

Жаңа аудан жаңаша аталса

Су тасқыны кезінде Қызылжар халқы ауызбірлігін көрсетіп, ешқандай дау-дамай мен үрейге жол бермеді. Бәрі де ТЖД қызметкерлерінің талаптарын орындап, эвакуацияға шығып, дүние-мүліктерін үйіндегі биік орындарға жинап кетуге тырысты. ПД қызметкерлері осындайды пайдаланатын суыққолдылардан сақтанып, су басқан жерлерге бөтен ешкімді кіргізбей, резеңке қайықпен күндіз-түні кезекшілікте жүрді.

Зерде • 21 Мамыр, 2024

«Үш масақ» заңының зардабы

Сталиндік қуғын-сүргіннің шет-шегі қаншалықты кең болса, зардабы да соншалықты ауыр тигені тарихтан белгілі. Адамды саяси көзқарасы, қоғамдық әрекеті, ашық пікірі үшін ғана емес, қылмыс деуге тұрмайтын болмашы экономикалық істері үшін де ұзақ жылға түрмеге жауып, тіпті ату жазасына да кескен. Қылмыс емес, халыққа пайда жасап, көмекке келгендердің іс-әрекеттерін қайдағы бір заңдарды алға тартып, қылмысқа теліп, ауыр қысым санатына жатқызған.