Қоғам • Кеше

Қызметшілер кәсіподағы белсенді жұмыс істейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық  кәсіподақ орталығының салалық «Қызмет» филиалы Петропавл қаласының үлкен сарайында мерекелік кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Қызметшілер кәсіподағы белсенді жұмыс істейді

Оған қалалық және барлық 13 аудандық кәсіподақтардың белсенді мүшелері, ардагерлер, облыс және аудан басшылары қатысты.

Облыстық мемлекеттік қызметшілер кәсіподағында 6 мыңдай мүше бар. Олар 284 бастауыш ұйымдарға біріктірілген.

«Біз барлық мемлекеттік органдарда кәсіподақтар ашып, мүшелеріміздің еңбек құқының бұзылмауына  және олардың мүдделерінің тапталмауына назар аударамыз», дейді филиалдың төрағасы Темірғали Әбілмәжінов.

Облыста болған барлық төтенше жағдайларға да бұл кәсіподақ белсенді жанашырлық білдіріп, өздерінің мүшелерінің ғана емес аймақтың проблемаларын шешуге де көмек қолын созып отырады.

ПЕТРОПАВЛ