
Мәдениет • 06 Шілде, 2024
Атам қазақ өзінің поэтикалық жадынауи туындысы қарапайым қара өлеңінде «Домбырам екі ішекті, беті қақпақ, Өзіне перне байлап, ішек тақпақ...» немесе «Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп тербеледі адам соқса» деп төл мұрасы домбыра туралы толғапты.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
Жамбының «Айқабақ ату» деген де түрі бар. Егер бұл зат алтын бұйымнан жасалған болса, оны «Алтынқабақ» деп атаған. Айқабақ – көлемі ай пішіндес, сом күмістен құйылған бұйым. Бұл – нағыз жамбы атудың қазақ халқына етене жалпыласқан түрі. Айқабақ ату көп жағдайда аса үлкен жиын, тойларда өткізіледі. Жауынгерлердің мергендігін шыңдайды.
Спорт • 03 Шілде, 2024
8–14 қыркүйекте Астана қаласында өтетін аса ірі спорттық сайыс V Дүниежүзілік көшпелілер ойны. Қазіргі таңда дүбірлі додаға дайындық қызу жүріп жатыр. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпелілер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да қажетті екені сөзсіз.
Талбесік • 28 Маусым, 2024
Шәулі құстарының ішіндегі әдемісі, ұшқыры, бағалысы осы – тұйғын. Бұның қадірлі болатын себебі: тұқым-түрі кең тарамаған және өте сирек жұмыртқалайды. Қолға сирек түседі. Ұясын адам аяғы жетпейтін жерге жасырып салады.
Талбесік • 27 Маусым, 2024
Лашынның құстың дене бітімі шәулі құстар арасында орташа, басы, көзі, аяқ жаратылысы ителгіге ұқсайды, бірақ сәл кішірек болады. Көбінің түсі қара қоңыр шұбар, тамағы ақ жағал, қанаты ұзын, құйрығы қысқа, көзі қара, кеуде жағы жуан, қаршығадан әнтек үлкен, топшылы келген сұлу құс.
Зерде • 26 Маусым, 2024
Халқымыз ауызекі тілде «Құралайды көзге атқан мерген» деген тіркесті көп айтады. Мысалы, жуықта ғана «Abai TV» телеарнасының жаңа жобасы – «Сөз» атты бағдарламада дәл осы атаудың мәні мен мазмұны хақында айтылды. Олардың пайымынша, «құралай» сөзі «колибри» атты кішкентай құстың атауынан шығуы мүмкін.
Талбесік • 25 Маусым, 2024
Қаршыға – саят һәм шәулі құстарда алымды саналады. Сондай-ақ тұйғын мен тұнжыр осы қаршыға тұқымдастар қатарына жатcа, тек бірыңғай таза қаршыға тұқымы: «ақ тарлан», «қара тарлан», «қызыл қайың», «сарының тегі» деп төрт түрге бөлінеді. Қаршыға дене бітіміне қарай: «ірі», «бұқа», «тана», «шәулі» деп аталады.
Футбол • 21 Маусым, 2024
Өткен аптада әлем жанкүйерлері төрт жыл күткен «EURO 2024» доп додасы басталды. Өткен тарих бедеріне үңілсек, қарт құрлық чемпионаты алғаш жалауын көтергелі биыл 84 жылдың жүзі болыпты.
Мирас • 21 Маусым, 2024
Ерте заманда қазақ мергендері ат үстінде шауып келе жатып сырық басына іліп қойған жамбыны атып түсіру үшін ат таңдаған. Өйткені мерген мінетін ат толық үйретілген әрі сезімтал, иесінің тақым қысуы мен тізгін қаққан сәтін қалт жібермей аңғаратын ақылды, шабысы өте жайлы, жұмсақ болғаны дұрыс.
Талбесік • 20 Маусым, 2024
Шәулі қырандардың ішінде лашын мен ителгіні үнемі томағалап ұстайды. Бұл қырандарды аң-құсқа салудың қолайлы мезеті: таңның атуы мен күннің көтерілу арасы, кешке қарай күннің еңкеюі мен батуының арасы, дейді кәнігі құсбегілер.