
Оқиға • 09 Мамыр, 2023
Ресми дереккөзге жүгінсек, қан майданға Қазақстаннан аттанғандардың 410 мыңы қайта оралмаған. Бұл жауынгерлердің 350 мыңы қазақ ұлтының өкілі болса, осылардың 271 мыңы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екен. Сол хабарсыз кеткен көп қазақтың бірі – Қайыржан Тікшекеев есімді жауынгердің мүрдесі 2020 жылдың наурыз айында Украинаның Киев облысына қарасты Макаровский ауданының Боровка селосы маңынан табылды. Сол жылдың қазан айында қазақ жауынгерінің сүйегі Астана қаласына ұшақпен жеткізіліп, елордадағы Әскери-тарихи музейде марқұмды ұлықтау іс-шарасы өткізілген соң, кіндік қаны тамған Дәуқара ауылындағы ата-баба қорымына жерленді. Осылай қатардағы солдат Қайыржан Тікшекеевке 80 жылдан кейін ғана туған жерінен топырақ бұйырды.
Тарих • 09 Мамыр, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында Кеңес Одағының Батыры атағын алған фашист Германия әскері Вермахтың кіші командирі ұлты неміс жігіті болғанын көбіміз біле бермейміз. Бұл батырдың аты-жөні – Фриц Шменкель (Fritz Schmenkel) екен.
Пікір • 20 Сәуір, 2023
Қоғамды тану сол ортада өмір сүріп жатқан адамдарды танудан басталады. Ал адамды танудың жолы – ол өмір сүрген отбасы, ошақ қасы оған қандай тәрбие берді, соған көңіл аударамыз. Яғни ізгі адам өнегелі, ізгі отбасының – жемісі.
Руханият • 18 Сәуір, 2023
Алаш арыстарының ұстазы болған ауыл молдасы туралы не білеміз?
ХХ ғасыр басында қазақ азаматтары Ресейдің жоғары оқу орындарында, жергілікті гимназия һәм семинарияларда, өлкелік әскери реалдық училищелер мен кадет корпустарында, одан қалды «Ғалия» (Үфә), «Расулия» (Троицкі), «Хұсаиния» (Орынбор) сияқты заманауи медреседе білім алып, қазан төңкерісі бұрқ еткен бұлғақ жылдары пайда болған апалас-төпелесте жеке ел болудың қамын ойлады, осы жолда бастарын бәйгіге тікті. Тірі қалғандары кеңес заманында білім-ғылым жолында аянбай еңбек етті.
Мереке • 21 Наурыз, 2023
Атам қазақтың «диірменнің тасындай шыр айналған дүние-ай» дегеніндей, Барыс жылы уақыттың терең қойнауына сіңіп, енді міне, мінезі жұмсақ жан баласына қиянаты жоқ мамық жүнді жануар – Қоян жылы ғаламның ақ босағасын аттады.
Пікір • 20 Наурыз, 2023
«Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!» деп Абай айтқандай, дүниенің тірегі – татулық. Тату елдің берекесі артады, бірлігі бекиді. Ерте дәуірден бізге жеткен мынадай әпсана бар. Қуаты мығым, жасағы мықты бір патша теңіздің арғы жағында алыста жатқан бейтаныс елге шабуыл жасау үшін қам жасайды. Әуелі елшілерін жіберіп, аңдысын байқайды. Жіберген елші-тыңшылары патшаға көрген-білгенін айтып келеді. «Ол елдің бірлігі бекем, ағайын арасындағы татулығы тас қамалдай берік екен. Ағасы үшін інісі, елі үшін ұланы жанын беруге даяр тұрған жұртты көрдік», депті тыңшылар. Барлаушылардың баянын тыңдаған патша басын шайқап: «Татулығы терең елді жау алмайды, бірлігі бекем жұртқа жұт келмейді» деген оларға соқтықпайық, жеңіліп масқара болады екенбіз», депті.
Руханият • 15 Наурыз, 2023
Жыл атаулары бейнеленген мұралар
Жыл атауларының шығу тарихы жайлы ғылыми-көпшілік болжам көп. Аталған тақырып бойынша зерттеу жасаған жаратылыстану мамандары 12 жыл атауы тіпті ғұндар дәуірінде болған деген пайым айтады. Соған қарағанда, жыл атауларының тарихы тым тереңде жатқан сыңайлы.
Халық • 09 Наурыз, 2023
Халқымызға қайта оралған әз-Наурыз мерекесі жалпыұлттық мейрам ретінде ресми мәртебе алғанына да міне, 32 жылдың жүзі болды. 1991 жылы наурыздың 15-інде Қазақ КСР Президентінің Жарлығы шығып, «Наурыздың 22-сі – халықтық мереке «Наурыз мейрамы» болып жарияланды.
Әйел әлемі • 06 Наурыз, 2023
Ес жиып, етек баспаған бала кезімізде: «Кеңес елінде Қазақстан деген мемлекет бар. Қазақтың түп-тұқияны сол жер екен» дегенді ұдайы естіп һәм сол «жұмақ» мекенді аңсап өстік. Яки, біздер үшін «Қазақстан» деген сөз қиялымыздағы «Мекке-Медине» еді. Бір күні дүниені дүңк еткізіп тосын жаңалық естілді. Өзіміздің ауылдас ағамыз Қабидаш «Қазақстаннан әйел алып келіпті».
Дін • 02 Наурыз, 2023
Медреседегі білім мемлекет талабына сай ма?
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне ден қойсақ, елімізде 9 колледж-медресе жұмыс істейді. Осы орайда «медреседегі білім мемлекет талабына сай ма?» деген заңды сауал туындайды. Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.