
Пікір • 08 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы өткен жылдың аяғында «Жаңа адамдар» атты жастар қозғалысының белсенді өкілдерімен жүздесті. Қазіргі жастардың қоғам өміріне белсене араласып, өз ұстанымына берік болуы туралы сөз қозғады. Сонда Президент: «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлеңі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында», деген еді.
Жәдігер • 07 Маусым, 2023
Ауған Мұхамед сұлтанның кесенесі
Ресей Федерациясы Рязань облысына қарасты Қасымов өлкесінде ежелгі тарихымыздың ізі жатыр. Соның бірі – Ауған Мұхамед сұлтан кесенесі. Бұл тарихи нысанды сұлтан дүниеден өткеннен кейін бір жылдан соң, яғни 1649 жылы жары Алтын ханша тұрғызған екен.
Тарих • 06 Маусым, 2023
Өткен ХХ ғасыр басында әлем тарихында аса күрделі өзгерістер орын алды. Соның алғашқысы – 1905-1907 жылдары патшалық Ресейде толқу тудырған бірінші төңкеріс болса, екіншісі – 1911 жылы циньдік Қытай елінде үш жүз жыл үстемдік жүргізген мәнжі билігі құлап, қоғамдық-саяси ахуалдың өзгеруі. Осы тұста жаңадан құрылған Қытай мемлекетін ықпалды әскери генералдар, саясаткерлер жеке-жеке бөліп алып билеуге көшті. Атап айтқанда, Сычуань провинциясын бір генерал меншіктеп алса, тағы бір генерал Юань Шикай парламентті таратып, елдің негізгі бөлігін өзінің басқаруына көшірді. Ал Шыңжан өлкесі мен Моңғолия уақытша буферлік күйде болды.
Пікір • 01 Маусым, 2023
Атамыз қазақ «Бірлік бар жерде – береке бар» деп тегін айтпаған. Сол сияқты ойшыл-кемеңгер Абай атамыз өзінің алтыншы қарасөзінде, «бірлік дегеніміз – малға (дүниеге) бірлік емес, ақылға бірлік» деген көреген тұжырымын айта отырып: «Бірлік малға сатылса, нағыз антұрғандықтың басы осы», дейді. Ал атақты Бұқар жырау бабамыз, алты Алаштың баласын береке-бірлікке шақырып: «Айнала алмай ат өлсін, Айыра алмай жат өлсін, Жат бойынан түңілсін, Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!», – деп толғаса, шығыс халықтары көп айтатын: «Бірлігі мығым сауысқан – бұғы аулайды», деген тәмсілдің де маңызы зор.
Таным • 30 Мамыр, 2023
Жамбы көне түрік тілінде «ямбу», яғни құймалы алтын немесе күміс ұғымын білдіреді. Жамбы ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан, тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы, т.б. деп аталған.
Руханият • 23 Мамыр, 2023
Атам қазақтың ауызекі сөзінде «Жүйрік баптап, шайқалтып жорға мінген» деген теңеу бар. Мұндағы «жорға» ұғымы жылқының қозғалысын білдіретін жүріс түрі.
Жәдігер • 22 Мамыр, 2023
Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы өткен жылдары елорда төрінде «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтары қарым-қатынас құжаттары» атты көрме ұйымдастырды. Осында 1703 жылдан 1730 жылға дейін Османлы империясына билік жүргізген ІІІ Ахмет сұлтанға жолданған қазақ ханы Қайыптың хаттары қойылды.
Пікір • 21 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелер жөніндегі кеңейтілген кеңесте күрделенген экономикалық салаларға тоқтала отырып, бүгінгі қоғамдағы отбасы тәрбиесіне қатысты мынадай ой айтты:
Тарих • 11 Мамыр, 2023
Қазақ ордасындағы хан сайлау дәстүрі
Қазақ қоғамының берік ұстындарының бірі – хан сайлау дәстүрі. Билік алмасудың мұндай өзгеше үлгісі еркіндігі мол көшпелі әскери жауынгерлік ортада айрықша ұтымды болып шығады, ағайынның татулығын, елдің бірлігін қамтамасыз етеді, өлген әміршінің артында қалған балалардың немесе көлденең үміткерлердің өзара қырқысына жол бермейді. Ең бастысы, ұлыс билігі барлық уақытта да кәмелеттен озған, біршама тәжірибе жинақтаған, беделді, жауынгер адамның қолында болады.
Руханият • 11 Мамыр, 2023
Ресей саудасы келмей тұрғанда Шығыста Қытайдан, түстікте Бұхар өлкесінен келетін керуендер халықтың сұранысын қанағаттандырып тұрған. Әрі күзде солтүстіктегі қазақ малшылары өзінің жүн-жұрқасын түйеге қомдап, оңтүстікке аттанатын. Әр үйден, ауылдан белгілі азаматтар ере шығады. Осы керуенді халық арасында «Ақ шом» деп атаған.