
Жәдігер • 07 Қыркүйек, 2023
Тәуелсіздік жылдары табылған құнды қазынамыздың бірі – Талды ханзадасы. 2009-2010 жылдары археолог Арман Бейсеновтің жетекшілігімен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы орталығынан 44 шақырым қашықта орналасқан обаға қазба жұмыстары жүргізілді. Өңірде бір-біріне жалғасып жатқан жеті қорған-оба тізбегі Талды өзені аңғарын көлбей қоныс тепкендіктен ғылыми тілде «Талды қорғандары» деген атауға ие.
Жәдігер • 05 Қыркүйек, 2023
Патшалық Ресей өзі отарлаған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты жүйелі зерттеулер жүргізген. Соның бірі – «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты көптомдық. Осы бір құнды туындының 1913 жылы жарық көрген 12-томы «Туркестанский край» деп (құрастырған – кінәз В.И.Масальский) аталыпты.
Тұлға • 05 Қыркүйек, 2023
Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалі 29 қыркүйек – 4 қазан аралығында ТҮРКСОЙ ұйымының аясында өтеді. Іс-шараға Жетісу облысы әкімдігі қолдау көрсетпек.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023
Өткен аптаның жұма күні Рим папасы Франциск (Franciscus) Ватикан мен Моңғолия Республикасы арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай ел президеті У. Хүрэлсүхтің шақыруымен Ұланбатыр қаласына келді.
Тарих • 05 Қыркүйек, 2023
Қазақ өнерінің жанашыры, этнограф-зерттеуші, Қазақстанның тұңғыш Халық әртісі Александр Викторович Затаевич 1920 жылдан бастап өзі өмірден өткен 1936 жылға дейін 16 жыл қазақ өнерін үздіксіз зерттеді. 2000 ән мен 50-ге тарта күйді қағазға түсірді. Нәтижесінде, «Қазақтың 1000 әні» (1925 жыл) және «Қазақ халқының 500 ән-күйі» (1931 жыл) атты екі іргелі еңбек жазып қалдырды.
Байқау • 04 Қыркүйек, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы барысында үздік шыққандарды онлайн марапаттау рәсімін өткізді.
Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2023
Қазақ халқының әдеби-мәдени кеңістігі зор. Өйткені республика шекарасынан тыс жерде халқымыздың үштен бір бөлігі өмір сүріп жатыр. Үлкен тарихшы-ғалым Зардыхан Қинаятұлы айтқандай, «олар да ән салып, әдебиет жасаған». Соның бірі – байөлкелік қазақтар арасынан шыққан дарынды қаламгер, өлке тарихында тұңғыш роман жазған жазушы Елеусіз Мұқамәдиұлы.
Қоғам • 29 Тамыз, 2023
Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған қызмет көрсету саласындағы өзге этнос өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды.
Тарих • 28 Тамыз, 2023
Ұлы даланың ежелгі тұрғындарының бірі – сармат. Бұл қауым б.з.б. VІІІ ғ. – б.з. VІІІ ғасыр аралығында еліміздің батыс өңірі – Орал-Жайық алқабын мекендеген.
Жәдігер • 24 Тамыз, 2023
Бұдан бірнеше жылдың алдында қазіргі Абай облысы, Ақсуат ауданының аумағы Көкжыра ауылынан оңтүстікке қарай 90 шақырым жерде орналасқан Елеке сазы қорымының №4 обасынан «Алтын адам» табылған болатын.