Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1079 материал табылды

Руханият • 07 Наурыз, 2022

Батыр Баян

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жарық көрген «Социалистік Қазақстан» газетін ақтарып отырып, атақты филолог ғалым, академик Қажым Жұмалевтің «Майдандағы қазақ қыздары» атты шағын мақаласын ұшыраттық. Онда: «Рауза Шамшатова, Әдия Молдағұлова (Әлия шығар), Ерке Оразбаева, Баян Байғожина, Балшекер Ахметова, т.б. қазақ қыздары майданда ерлік көрсетті.

Қоғам • 02 Наурыз, 2022

Аманат – азаматқа парыз

Атамыз қазақ «Аманат молшылық әкеледі, қиянат кедейлік әкеледі» деген. Яғни аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады.

Руханият • 02 Наурыз, 2022

Елді сүюдің үлгісі

Ата-бабаларымыз әлімсақтан ұстанып келе жатқан ислам дінінде «хуббул-уатан минәл-иман» деп айтылатын мағынасы терең риуаят, яғни өсиет бар. Бұл ұғымды қазақша тәпсірлесек, «елді, отанды, жерді сүю – иманнан» дегенді білдіреді екен. Де­мек пенде баласының елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі һәм адал махаббаты жү­ре­­гіне сіңген иман қуатымен өлшен­бек. Абайша айтсақ, «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көп­ке тисін, Көптің қамын әуелден тәңі­рі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін». Дана атамыздың мына сөзін тәп­сір­лер болсақ, иманы кәміл, ықыласы ке­мел адам ғана елін, жерін, Отанын сүйе алары хақ.

Тарих • 02 Наурыз, 2022

Қайысбай балуаннан қалған белгі

Қытай-Шыңжаң өңіріне атағы шыққан Қайысбай Иісұлы деген әйгілі балуан өткен. Балуанның өмір тарихын зерттеген қаламгер Баяхмет Жұмабайұлының пайымынша Қайсекең 1890 жылы Шыңжаң-Алтай аймағының Сарғусын деген жерінде дүниеге келіп, 1960 жылы желтоқсан айында Шіңгіл ауданы, Бәйшін қыстағында бақилық болған дейді.

Руханият • 23 Ақпан, 2022

Жылқының дүбірі

Қазақ тілінде «Дүбірге толы дүние» деген тіркес бар. Бұл сөз тегін айтылған жоқ. Расында, ғалам дүбірге толы. Мысалы, аңырай соққан аңызақ, алақаншық ақ боран, ақжорға бұрқасын, ысқырған дауыл, одан қалды сіркірей құйылған ақжауын, тасырлай төгілген бұршақ, тіпті бағзыдан бері келе жатқан төл өнеріміз халқымыздың домбыра күйлерінде де дүбір бар. Сондықтан болар, баба қазақ мына ғаламды дүбірге толы деп бірауыз сөзбен түйіндеген. Осы дүбірлердің ішінде ең маңыздысы, кереметі – жылқының дүбірі. Бұл жайлы қасиетті Құранның «Ғадият» сүресінде «Тұяғынан от шашып, алқына шапқан, дүбірлетіп дүркіреп жауды жарып кірген аттарға серт» деген аяттар бар.

Тарих • 20 Ақпан, 2022

Кучински және қазақ даласы

Елорда төрінен ірге тепкен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының ат салысуымен Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет» бағдарламасы бойынша жарық көрген бірнеше кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Сұхбат • 17 Ақпан, 2022

Ержан Мақпышұлы: Шыңғыс ханның «Түменбасы» болу бақыты бұйырды

«Egemen Qazaqstan» газетінің №24 (30253) 4 ақпан 2022 жылғы санында көп сериялы «Шыңғыс хан» телефильмінде «өкіл әке» Меңліктің рөлін сомдаған талантты әртіс Дәлелхан Қадырұлымен жүргізілген сұхбат жарияланған болатын. Осы сұхбат барысында аталған телесериалда тағы бір басты рөл – Наяха ноянның образын жасаған дарынды актер Ержан Мақпышұлы бауырымыз туралы да сөз қозғаған едік. Енді міне Үрімжі қаласында тұрып жатқан Ержан бауырымызбен хабарласып, екеуара өрбіген әңгіме барысын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Әдебиет • 16 Ақпан, 2022

Сүйінбай ақынның суреті

Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген Сүйінбай Аронұлының бейнесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары төл валютамыз «үш теңге» арқылы көпшілікке таныс болды. Ақынның бұл фотосы өзі дүниеден өткен соң жетпіс жылдан кейін салынса, оны бейнелеген адам қазақ сурет өнерінің майталманы Әбілхан Қастеев екен.

Руханият • 13 Ақпан, 2022

Уақытты орналастыру

Салиқалы, салмақты, тұла бойына ілім-білімнің нәрі сіңген атақты ғалым ақырын басып, аудиторияға кірді. Өзін күтіп отырған шәкірттеріне көзілдірігінің үстінен асықпай-аптықпай барлай қарап алды да: «Біз бүгін уақытты орналастыру жөнінде сабақ өтеміз» деді де, сөмкесінен үлкен шыны ыдысты еппен алып шығып, еппен үстелдің үстіне қойды.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2022

Сапар орталығы салынып жатыр

Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жанынан ғұлама ғалым Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығы салынып жатыр.