
Өнер • 09 Ақпан, 2022
Біржан салдың суреті қалай салынды?
Дәстүрлі қазақ ән өнерінің майталманы, дүлдүл өнерпаз Біржан сал Қожағұлұлының артында суреті сақталмаған. Бірақ Біржан атамыздың көпке мәлім мына бір бейнесін салған қазақ бейнелеу өнерінің ірі қайраткері Әбілхан Қастеев екен. Ол бұл жұмысты 1966 жылы толық тиянақтаған көрінеді.
Қоғам • 08 Ақпан, 2022
Кеңес Одағының Батыры атағын үш дүркін иеленген даңқты ұшқыш А.И.Покрышкин «соғыс адам санын азайтады, есесіне батырларды көбейтеді» деген екен. Осы кісі айтқандай, 1941-1945 жылдары ғаламды дүрліктірген алапат соғыс қазақ ұлтына үш генерал сыйлады. Біріншісі – Сабыр Рахымов 1943 жылы 19 наурызда әскери жоғары шен генерал-майор атағына қол жеткізсе, екіншісі – Шәкір Жексенбаев 1943 жылы қазан айында, үшіншісі – Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы Жайсанып Мүдәрісұлы 1944 жылдың сәуір айында бұл атаққа ие болыпты. Биыл қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Омарұлының туғанына 120 жыл толып отыр.
Руханият • 08 Ақпан, 2022
Жуықта қолымызға ақ қағазға қара сиямен жазылып, шекесіне «Қарт қазасына» деген тақырып қойылған сегіз шумақ жыр түсті. Жырдың ертеректе жазылып, ұзақ уақыт сақталғаны көрініп тұр. Қағазы сарғайып, мәтіннің кейбір бөліктері өшкін тартып ыдырай бастағаны байқалады. Бұл жәдігер – білген құлға құнды дүние. Өйткені оның авторы – Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының бел баласы Ахат атамыз. Ал мәтіндегі шумақтар түгелдей қапыда қаза тапқан әкені аңсаған зарлы жоқтау. Тіпті оқып отырып «Әке азасы жайлы жыр» деген тіркес тілімізге оралғандай...
Қазақстан • 04 Ақпан, 2022
Құнды жазбалар музейге табысталды
Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қоры жаңа қолжазба кітаптармен толықты.
Сұхбат • 03 Ақпан, 2022
«Шыңғыс ханда» жиырмадан астам қазақ жігіті ойнады
Қытай киногерлері орта ғасырда жазылған «Моңғолдың құпия шежіресі» атты тарихи шығарма желісі негізінде 2006 жылы көп сериялы фильм түсірді. Бұл туынды Qazaqstan ұлттық телеарнасы арқылы еліміз тұрғындарына бірнеше дүркін көрсетілді. Осы орайда, біз аталған фильмде Шыңғыс ханның өкіл әкесі Меңліктің рөлін сомдаған қандасымыз – Дәлелхан Қадырұлымен аз-кем әңгіме өрбіткен едік.
Қоғам • 02 Ақпан, 2022
Қазақ тілінің әдеби нормасында көп қолданылатын «қауым» деген сөз бар. Кейде «ұлт» ұғымын осы сөздің баламасы ретінде пайдаланып жүрміз. Бірақ біздің пайым бойынша, «қауым» ол «ұлттан» әлдеқайда аясы кең түсінік. Мысалы, мұсылман дінін алайық ол жеке ұлтқа түскен жоқ, қауымға түсті. Сондықтан да біз «мұсылман ұлты» деп емес, «мұсылман қауымы» деп айтамыз.
Таным • 31 Қаңтар, 2022
Мына бір фотобейне әлеуметтік желілерде, сондай-ақ ХХ ғасырда қазақтан шыққан ұлттық музыка өнерінің дүлдүлі, атақты композитор Нұрғиса Тілендиевке қатысты құжаттар арасынан үнемі ұшырасып жүр. Әрі 2007 жылы мемлекеттік бағдарламамен жарық көрген «Нұрғиса Тілендиев» атты эссе кітапта да жарияланыпты. «Кейіпкері мықты шығарма осал болмайды» дегендей, мына суретте тарлан талант Нұрағамыз қолына қоскөзді дүрбіні ұстап, кең даланы қиядағы қырандай шолып отыр.
Таным • 27 Қаңтар, 2022
Қазақ руханиятында орны зор тұлға һәм ұлы Абайдың ақын шәкірттерінің бірі – Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының ұлдары ғұлама әкесінің ізін жалғаған, өнерден үлесі бар жандар болғаны анық. Қолдағы дерекке жүгінсек, қажы Айғанша атты әйелінен Қапыр (Ғафур), Жебірәйіл, Қабыш, Ахат, Зият деген төрт ұл, Күлзия, Жәкім, Гүлләр деген үш қыз сүйеді. Жебірәйіл мен Күлзия жастай шетінеп кеткен дейді.
Тарих • 26 Қаңтар, 2022
Осы орайда айтпағымыз, қазақ халқы үшін өткен ғасыр басы аса ауыр болды. 1914 жылы 19 шілде күні (1 тамыз) басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс салдары қазақ халқына ауыр зардабын тигізді. Алым-салық түрі көбейді. Мысалы, әскери салық ретінде әрбір отбасына ай сайын 1,84 рубль мөлшерінде қаржы төлеу міндеттелді. Бұл кедей отбасыларына ауыр соқты. Осылай қазақ қоғамы дағдарып тұрған тұста, 1916 жылы 25 шілде күні патша ІІ Николай «Империяның бұратана халықтарының ер адамдарын қимыл үстіндегі армияның қорғаныс һәм әскери құрылыстарын салуға, сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс үшін қажет басқа да жұмыстарға тарту туралы» жарлығын шығарды. Ондағы мақсат: бұратаналарды тыл жұмысына жегу арқылы армия қатарын толықтыруға қажет орыс шаруалары мен жұмысшыларын босатып алу болатын.
Тарих • 23 Қаңтар, 2022
Қазан төңкерісіне дейін (1917 ж) қазақ даласының этнографиясы, әкімшілік бөлісі және фольклорлық мұрасы сияқты түрлі тақырыпты қамтыған мыңнан астам кітап жарық көрген екен.