Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2693 материал табылды

Алматы • 28 Тамыз, 2024

Жыл соңына дейін 20 мектеп ашылады

Тамыздың соңы қашан да қарбаласқа толы. Ата-ана мектепке баратын баласының керек-жарағын түгендесе, қала билігіне білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау, оқушыларды тасу, тамақтандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) қарайласу сынды кешенді мәселелерді реттеуге тура келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жаңа оқу жылының басталуына қатысты жылдағыдай БАҚ тарапынан туындайтын барлық сауалға жауап берді.

Денсаулық • 27 Тамыз, 2024

Скрининг қауіптен сақтайды

Бүгінде кез келген көзі ашық адам медициналық мекемелердің дертті дер кезінде анықтап, емдеу мақсатында тұр­ғын­дар­ды жасына қарай жоспарлы тексеруден өткізіп, скрининг жүргізіп жататынын біледі. Бастапқыда тосындау естілсе де, бұл терминдерге жұрттың құлағы үйрене бас­тады. Алайда мұндай жоспарлы шара туралы жұрттың бәрі хабардар дей алмаймыз. Ақиқатына келгенде, бұл – емдеу мекемелерінің насихат жұмысын қаншалықты ықыласпен, ал халықтың өз денсаулығына қаншалықты ыждағатты қарайтынына байланысты. Бірақ нәтижесі де жоқ емес.

Денсаулық • 24 Тамыз, 2024

Бүйрек аурулары білінбей асқынады

Елімізде әрбір оныншы адам созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан, ал 8 мыңға жуық отандасымыздың күні диализге қарап қалған. Өкініштісі, бұл көрсеткіш әр он жыл сайын өсе түседі деген болжам да жоқ емес. Оның үстіне бүйрек аурулары балаларды да айналып өтпейді.

Туризм • 21 Тамыз, 2024

Гастротуризмнің болашағы қандай?

Кез келген елдің өзіне тән бірегей тағамы – туризмді дамытудың елеулі тетігі. Дәмі тіл үйірген таңсық ас үшін саяхатшылар жаһанның кез келген түкпіріне баруға кет әрі емес. Сондықтан да биыл әлемдік сарапшылар «Almaty Crossroads» конференциясында қазақ гастротуризмінің келешегін талқылады.

Медицина • 19 Тамыз, 2024

Отандық ғылыми-зерттеу институты халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті

Биыл 8-12 шілде аралығында медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі Халықаралық біріккен комиссиясы (Joint Commission International) Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қызметін тексеріп, халықаралық стандарттарға сай екендігін тағы да растады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы • 15 Тамыз, 2024

Мопед мінгендердің жауапсыздығы

Астана, Алматы, Шымкент секілді үлкен қалаларда құжынаған көліктермен жағаласып, қашан, қай бүйіріңнен шыға келетіні белгісіз зулайтын мопед мін­ген­дерге көзіміз әбден үйренді. Өкінішке қарай, қазіргі таңда жолдағы ең қайғылы да жағымсыз ақпараттардың басым бөлігі осы қос дөң­ге­лектілерге – скутер, мопед мінгендерге тиесілі болып тұр.

Университет • 12 Тамыз, 2024

ҚазҰУ-дағы Қытайдың СБПУ филиалы студенттер қабылдауды жалғастырып жатыр

Егер оқырман есінде болса, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына былтырғы мамыр айындағы мемлекеттік сапары барысында техникалық бейіндегі Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісімге келген еді, деп жазады Egemen.kz. 

Денсаулық • 31 Шілде, 2024

Алматыдағы заманауи емхана

Шаһардың Жетісу ауданында қараусыз қалған ғимараттар адам танымастай өзгеріп келеді. Кейінгі бірнеше жыл ішінде 8 жалпы білім беретін мектепке жапсарлас нысан қосылды. Осы арқылы қосымша 1 600 оқушы орны пайда болып, кейбір мектептерде жаңа мәжіліс залдары, асханалар мен спорт залдары салынды. Енді міне, осы ауданда заманауи емхана ашылып жатыр.

Денсаулық • 25 Шілде, 2024

Ауыр дертке жәрдемші бағдарлама

Дертті болып жүрген жандарды бірінші кезекте ажал шеңгелінен алып қалатын жайт – дер кезінде қойылған дұрыс диагноз. Медицинасы дамыды, инновациялық технологияларға қол жеткізді деген елдердің өзінде де кейбір нау­қастар өзінің диаг­нозын білмей өмірден озып жататынын жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, тұқым қуалайтын ангионевроздық ісікпен (ТҚАІ) туған науқастардың 80%-ы диагнозы анықталмай, дертін білмей өмірден өтіп кетеді.

Денсаулық • 05 Шілде, 2024

Ұрпақ саулығына септеседі

Таяуда ел медицинасында елең еткізер ерекше оқиға болды. Отандық дәрігерлер алғаш рет құрсақта жатқан шарана денсаулығының ақауына алғаш рет операция жасады. Бұл бастаманың маңызы зор. Өйткені мұндай операциялар балалардың мүгедек боп ­тууын азайтуға айтарлықтай септеседі.