Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2749 материал табылды

Медицина • 27 Қыркүйек, 2025

Эндокринологиядағы тың өріс

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты (КІАҒЗИ) базасында республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов, сала мамандары қатысты.

Медицина • 25 Қыркүйек, 2025

Алматыда озық эндоскопиялық оқу орталығы ашылды

Елімізде кіндік Азияның да эндоскопист-дәрігерлері біліктілігін арттыратын орталық ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы • 24 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда алғашқы бокс-парк ашылады

27 қыркүйекте Алматыда еліміздегі алғашқы бокс-парк – теңіз контейнерлерінен жасалған серуен аймағы жұмысын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң мен Тәртіп • 24 Қыркүйек, 2025

Әділет саласындағы өзгеріс

Алматы қалалық Әділет департаменті 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізілген бақылау, қадағалау жұмыстарының қорытындысын жариялады. Тексеру барысында нотариус, адвокат, құқықтық кеңес берушілердің әрекеті мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасы басты назарда болған. Статистика бақылаудың күшейіп, азаматтардың шағымдары белсенді түрде қаралып, заңды белден басудың жолы кесіле бастағанын көрсетеді.

Алматы • 22 Қыркүйек, 2025

Алматының туған күнінде 69 сәби және үшем дүниеге келді

Биыл Алматыда Қала күні ерекше салтанатпен тойланды. Түрлі іс-шаралар мен мерекелік көңіл күйге қоса, шыр етіп дүниеге келген сәбилермен шаһар тұрғындарының саны көбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 21 Қыркүйек, 2025

Алматыда жер сілкінді ме?

Бүгін алматылықтардың ұялы байланыс телефондарына келген хабарландыру жұртты дүр сілкіндірді. Әсіресе, қоғамдық орындарда алаңсыз қыдырып жүрген халық дүрліге далаға қашты. Дегенмен Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінген жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Алматы • 19 Қыркүйек, 2025

Нөсер сайын Алматыны неге су басады?

Бүгін Алматы әкімі қаладағы су басу қаупі жоғары аумақтарды тексеріп, жұмыс мерзімі мен сапасына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 19 Қыркүйек, 2025

Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты - FIDE World Cadet Chess Championships 2025 басталды. Турнирді өткізу Қала күнін мерекелеуге сәйкес келді. Салтанатты ашылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Өнер • 17 Қыркүйек, 2025

Қазақ циркінің халықаралық жүлдесі

Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделі биік халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей жүлдеге ие болды. Осылайша, халықаралық байқаулардың талай жүлдесін олжалап келген отандастарымыз таланттарын тағы да мойындатты.

Байқау • 16 Қыркүйек, 2025

Мұқабада бейнеленетін мұра

Жуырда Мәдениет және ақпарат министрлігі кіндік Азияның жас суретшілеріне тамаша мүмкіндік сыйлады. Олар «BeWoman Asia» жаһандық форумы аясында өткен өнер додасында бақ сынасты. Жеңімпаздар алты ай бойы атаулы стипендия алатын болды.