Экономика • 03 Желтоқсан, 2025
Натрий цианид өндіретін кәсіпорын
Жамбыл өңірі ондаған жылдан бері химия өнеркәсібінің локомотиві екені баршаға мәлім. Елімізде натрий цианидін өндіретін алғашқы зауыт облыс аумағындағы Талас ауданында бой көтерді. 2023 жылы «Talas Investment» ЖШС шет мемлекеттерден тасымалданатын шикізатқа деген тәуелділікті түбірімен жойды.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілгелі бері өңірде ашық сайлауға түскен кандидаттардың саны артты. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қолға алынған сайлау жүйесі жұрттың көңілінен шыққаны анық. Ал халықтың қолдауымен әкім болғандар сенімді ақтап жүр ме?
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уақыт сұранысына сай ізденісіне, рухани тұрғыдан кемелденуіне қолдан келгенше жұмыс істейді. Өңірде 1 облыстық арнайы кітапхана, 9 ауданда көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімшелер бар.
Экономика • 22 Қараша, 2025
Жамбыл облысында өндіріс саласын өркендетуге басымдық беріліп отыр. Атқарылған жұмыстың нәтижесі де көңіл көншітеді. Кейінгі 10 айдың бедерінде өңірде 1 трлн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткішпен Жамбыл облысы өңірлер арасында көш бастап тұр. Жалпы, облыс аумағындағы 919 кәсіпорында 41 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Биыл өңірде бірнеше кәсіпорын ашылған еді. Күні кеше сол үрдіс сәтімен жалғасты.
Өнер • 14 Қараша, 2025
Көк жүзіндегі бұлттай көшкен жылдар тізбегіне көз салған сайын ондаған ой өз құрсауына алатыны бар. Сан сауалдың жауабын іздеп, көңіл бірде көкке өрлеп, бірде құлдилайды. Кейде өткен шаққа қарайлап, көңіл шіркіннің көк теңіздей толқитыны белгілі. Бірде деректі, бірде дерексіз дүниелер сананы сан саққа жүгіртеді. Құстай ұшқан уақыттың қанатынан қармау әсте мүмкін емес. Содан да болса керек, көз ұшынан алыстаған жылдарға деген сағыныш сарқылмайтындай көрінеді.
Жәдігер • 06 Қараша, 2025
Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Талаптыдағы тұрған үйі қазір әдеби-мемориалдық қызмет көрсетіп тұрғаны мәлім. Талапты ауылына табаны тиген азаматтар қара шаңыраққа соқпай кетпейді. Мұнда қайраткер қаламгердің шығармашылық мұрасы, өзіне және отбасына тиесілі біраз дүние сақталған.
Театр • 05 Қараша, 2025
Биыл өңір мәдениетінің қара шаңырағына айналған А.Тоқпанов атындағы облыстық Қазақ драма театры 90 жылдық торқалы тойымен қатар, қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, Қазақстанның халық әртісі Асқар Тоқпанұлының 110 жылдық мерейтойын тойлап жатыр. Екі бірдей мерейлі дата аясында Таразда республикалық театр фестивалі ұйымдастырылды.
Еңбек • 04 Қараша, 2025
Ел ішінде адал еңбегімен дараланып, жылдар бойы жиған тәжірибесін кейінгі толқын жастармен бөлісіп жүрген азаматтар баршылық. Төңірегі темір жонушы ретінде таныған Ғалымжан Сүгірәлиев жасы алпыстан асса да, темірден түйін түйіп жүр. Өз ісінің білгірі атанған азаматты айналасындағылар абзал аға, білікті маман ретінде құрметтейді.
Мәселе • 04 Қараша, 2025
Елімізде отбасы институтының беделін арттыру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Соған қарамастан отбасындағы кейбір түйткілді мәселелер әлі де тыйылмай тұрғаны анық.
Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Детектив байқауының жеңімпаздары
Көрнекті майдангер жазушы Кемел Тоқаев атындағы дәстүрлі детектив шығармалар байқауы 2018 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. «Заң медиа» корпорациясы қолға алған байқаудың қорытынды іс-шарасы соңғы жылдары еліміздің әр қаласында ұйымдастырылып жүргенін көпшілік біледі. Биыл әдеби байқаудың үздіктері Тараз төрінде анықталды.