Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
188 материал табылды

Инфографика • 18 Қазан, 2025

Шүкір, көбейіп келеміз!

Қазір ел халқының саны – 20 426 568 адам. Ал 1991 жылы 16,4 млн адам бол­ған еді. Мамандар демо­­графия­дағы оң өз­герістер мемле­кет­тік жүйенің тиімді іс-қимылынан болатынын айтады.

Форум • 17 Қазан, 2025

Азаматтық сектор – әлеумет пен мемлекет арасындағы сенімді көпір

«Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтас­тығы» атты екікүндік ХІІ Азаматтық форум аяқталды. Жиынды Президент Әкімшілігі­нің, Парламент пен Үкімет­тің өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар­дың, волонтерлік қозғалыс­тардың, қайырымдылық қорларының жетекшілері, халықаралық серіктестер қорытындылап, пленар­лық сессияда азаматтық қоғамды дамытудың түрлі аспектісі талқыланды.

Сенат • 17 Қазан, 2025

Күмәнді кірістерге тосқауыл қойылады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалы­ғымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарап, қылмыстық жолмен алын­ған кірістерді жылыс­татуға және терроризмді қаржылан­дыруға қарсы күресті күшей­туге бағыт­талған заңды қарады.

Форум • 16 Қазан, 2025

Азаматтық қоғамның мүмкіндігі зор

Елордада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы» атты Азаматтық форум өтіп жатыр. Жетінші мәрте ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға Үкімет, азаматтық қоғам, бизнес, халық­аралық ұйымдар және БАҚ өкілдері атсалысты.

Форум • 13 Қыркүйек, 2025

Конституция – теңдік пен әділдік кепілі

Астанада Консти­туциясының 30 жылды­ғына орай «Бейбітшілік пен болашақ құқық арқы­лы» конституциялық сот төрелігінің халық­аралық форумы өтті. Онда сарапшылар мемлекет­ті нығайту мен Конс­титуция құндылықтарын ілгерілетудегі әділеттің әлеуетін талқылады.

Басылым • 12 Қыркүйек, 2025

«Қазақпараттың» ғасырлық белесі

Елімізде құрылған алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі – «Қазақпараттың» 105 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Тамыз айынан бастап елордадағы «Mega Silk Way» сауда орталығында «Қазақстан тарихы – «Kazinform» фото­с­у­реттерінде» атты көрме ашылды. Ал Президенттік орталықта ұйым­дастырылған салтанатты жиында «Kazinform. Біздің тарих» деректі фильмінің премьерасы өтіп, «Kazinform. Шынайы хроника» кітабы таныстырылды.

Үкімет • 12 Қыркүйек, 2025

Палатаның маңызды бағыттары айқындалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру барысын талқылады. Сондай-ақ инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері туралы заңды қарады.

Музей • 10 Қыркүйек, 2025

Заманауи өнер музейінің таныстырылымы

Кеше Алматыда кәсіпкер, меценат, коллекционер Нұрлан Смағұлов негізін қалаған «Almaty Museum of Arts» заманауи өнер музейі ашылды. Музейдің ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, музейдің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, сондай-ақ өнер саласы және БАҚ өкілдері қатысты.

ЖОЛДАУ • 10 Қыркүйек, 2025

Бір палаталы Парламент: маңызы мен тиімділігі

Биылғы Жолдауда Президент бір палаталы Парла­мент құру жөнінде ұсыныс айтты. Негізі елімізде парламенттік реформа мәселесінің талқыланып келе жатқанына 20 жылдан аса уақыт өтті. Бірқатар әлем елдері мұның тиімділігін ескеріп, әлде­­қашан аталған жүйеге көшіп алды. Inter-Parliamentary Union (Ха­лықаралық Парламенттік одақ) мәліметіне қарасақ, мемле­кет­тердің басым бөлігі бір палаталы Парламентпен әділдік құрып отыр.

Пікір • 06 Қыркүйек, 2025

Біз қайда асығамыз?

Қазір отандастарымыз шетелдерге көп шығады. Білім іздеп шығады, қыз­метке орналасады, маусымдық жұмыс­қа кетеді, өзге елде демалуды қалайды. Бай­­қағанымыздай Еуропа, Шығыс Азия жақтың халқы кербез, ешқайда асық­пайды. Мұны Таиланд, Вьетнам, Малай­зия секілді елдерге демалысқа барып келген жұрттан да естіп жүрміз. Біздегідей үнемі бір жаққа асығып, үлгермей, қо­ғамдық көлікке бір-бірін соғып мініп жат­қан адам сирек. Сонда оларда шаруа жоқ па, әлде біз тым «еңбекқормыз» ба?