Еуразиялық интеграция институты еліміздің 17 өңірі мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында референдум учаскелеріне барып, дауыс берген азаматтар арасында сауалнама жүргізген.
«Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауыл-ды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 09.00-де, 10.30-да, 12.30-да, 14.30-да, 16.30-да, 18.30 және 20.30-да жасалды», делінген институт мәлімдемесінде.
Дауыс берушілерге «Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылған. Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7 пайызы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Айта кетсек, референдумға азаматтардың 75,3 пайызы қатысты.