Ғылым • Кеше
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Дамыған елдерде бұл бағыт әлдеқашан жүйелі жолға қойылып, бірнеше жылдан бері үздіксіз дамып келеді. Біз де сол көштен қалмауға ұмтылып жатырмыз. Бұлай деуімізге атаулы жылды күтпей, пандемияға дейін іргесі қаланған шағын департаменттің бүгін толыққанды институтқа айналғаны дәлел. Бүгінде цифрлы кеңістіктің қазақ тілінде «сөйлей» бастауы, деректермен жұмыс, жаңа технологияларды игеру – бәрі осы жерде жүзеге асып отыр. Ғылым күні қарсаңында осы бағыттағы жұмыстың нәтижесін көзбен көріп, ұйымның тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы сақа сарапшылардың салмақты ойын, арзу-тілегін тыңдап қайттық.
Ғылым • Кеше
Өндіріске серпін берген өнертабыстар
Қолданбалы ғылымда зерттеу мен өндіріс – құстың қос қанатындай. Бір қанаты әлсіресе, биіктеу бұйырмасы белгілі. Дәл осы өндіріске өту, өнім алу мәселесі бізде өзекті болып отыр. Мұны бұған дейінгі материалдарымызда бірнеше рет көтерген болатынбыз. Дегенмен қу шөппен ауыз сүртуге болмайды. Аз да болса, нарықта қолданысқа енгізіліп жатқан, халықтың тұрмысын жақсартуға жол салған ғылыми жобалар бар. Өзге де ғалымдарға үлгі болса деген ниетпен солардың бір парасына тоқталғанды жөн көрдік.
Ғылым • 07 Сәуір, 2026
Гранттық қаржыландыру: Сан сапаға қашан айналады?
«Ғылым комитеті 2025 жылы 29 қыркүйекте жарияланған 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының 2025 жылдың 10 қарашасына дейін ұзартылғанын хабарлайды». Ғылымнан алыс оқырман осы хабарландырудан қандай да бір кілтипан көрмеуі кәдік. Ал жалақысы, жұмысының болу-болмауы грантқа тәуелді ғалымға алаңдатарлық-ақ ақпарат. Шын мәнінде мұндай конкурс сәуірдің 15-іне дейін жарияланып қоюы керек. Дәл осы жерден тұтас жүйе күрмеле бастайды.
Жасанды интеллект • 01 Сәуір, 2026
Кез келген инновациялық өнімнің өміршеңдігі оның өндіріске өткенінен көрінеді. Жасанды интеллектіге айрықша мән берген осы күні отандық жоғары оқу орындарында ізденушілер көптеп жаңашыл жобаларды жасап жүр. Кейбірі қолданысқа енгізіліп те үлгерген. Соның бірқатарына тоқталып көрдік.
Білім • 31 Наурыз, 2026
97 талапкер тестілеуден шеттетілді
2 наурызда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) бүгінге дейін 117 мыңнан аса адам өтті. Талапкерлердің 71,6 %-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 28,3%-ы орыс тілінде, 111 адам ағылшын тілінде тапсырды.
Білім • 27 Наурыз, 2026
Осы күні таудай талабы бар жастар алынбайтын асудай көрінетін биіктерді бағындырып жүр. Соны көргенде кеудеңді қуаныш кернейді. Бойыңды мақтаныш сезімі билейді. Біз бүгін әлемнің маңдайалды оқу орны – Массачусетс технологиялық институтына (MIT) оқуға түскен озат оқушы туралы әңгімелемекпіз.
Жасанды интеллект • 14 Наурыз, 2026
Жасанды интеллектіні меңгеремін десеңіз...
«AI-Sana» бағдарламасының екінші кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу кезеңі басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Іріктеуден өткендер «Stanford», «MIT» секілді беделді университеттер, халықаралық бизнес-мектептер атынан қатысатын майталман мамандардың, сақа сарапшыларының дәрісін тыңдайды, бастысы жасанды интеллект базалық меңгеруден технологияларды тәжірибелік қолдануға дейін, жеке жобаларды әзірлеуге өтуді үйренеді.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Наурыз айындағы тестілеу басталды
Елімізде наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткен апта басталған еді. ҰБТ 6 сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4%-ы – қазақ тілінде, 25,5%-ы – орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниетті.
Ғылым • 06 Наурыз, 2026
Әлеуметтік ғылымның зерттеу «кеңістігі» өте кең. Бұл – саясаттану, әлеуметтану, тарих, психология ғана емес, қоғам мен адам, жұртшылықтың мінез-құлқы, үрдістер мен заңдылықтар, саяси реформалар, көбіміз жиі қолданатын әлеуметтік ауқымды ұғымдар... Дәл сол ғылым саласы мықты қалыптасқан әрі нақты жұмыс істейтін мемлекеттерде елдің тұтастығына сына қағатын қауіпті кезең, келеңсіз жағдай алдын ала зерделенеді.
Таным • 05 Наурыз, 2026
Көгерген нан да қажетке жарайды
Осы күні иістеніп кеткен ұн өнімін қоқыс жәшіктеріне іліп кетеміз. Оны дүкеннің дайын тамағына үйренген ит-мысық та жемейді. Обалын ойлайсың... Тарихтың тұңғиығына тереңдегенде өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштық есіңе түседі. Өткенде «Nature Chemistry» журналынан көгерген нанды керегімізге жарату жолын ұсынған жаңалықты оқығанда көңілсіз көріністің шешімі табылғандай қуандық.