
Білім • 06 Наурыз, 2024
Қазіргі талап бойынша мұғалімдік мамандықты жаңа бітіргендер 4 жыл бойы оқығанына қарамастан, жұмысқа тұру үшін біліктілік тестін тапсырады. Осыған қоса бірнеше кезеңнен тұратын конкурстан өтуге тиіс. Бірақ жақында педагогикалық мамандықта оқымағандарды жазғы курстан өткізіп қана жұмысқа жіберетін бағдарламаның барын білдік. Бұл қалай болғаны?
Мирас • 29 Ақпан, 2024
Аяжан есімді ару қыран баптап жүр. Ол «компьютерлік ғылымдар» мамандығында оқып жүрсе де, атадан қалған құсбегілік өнерді жанына серік еткен екен.
Білім • 23 Ақпан, 2024
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) биылға бір рет өтті. Қаңтардағы тестілеу жоғары оқу орнының тек ақылы бөліміне түсуге жарайды. Алда үміткерлерді әлі грантқа түсуге мүмкіндік беретін екі және нәтижесі ақылы оқуға жарайтын тағы бір тестілеу күтіп тұр.
Маман • 20 Ақпан, 2024
Атом саласы мамандары даярланады
Елімізде бірнеше жоғары оқу орнында атом электр стансасына қажетті кадрлар даярланбақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Бәріміз білетіндей, Мемлекет басшысы атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесін жалпыхалықтық референдум арқылы шешуді тапсырған болатын.
Технология • 19 Ақпан, 2024
Алыс ауылдардағы, қаладағы мұқтаждарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі-дәрмекті енді дрон тасымақ. Оның ерекшелігі жедел жеткізетінінде болып тұр. Мұндай жағдайға ғылымның жаңалығы, отандық ғалымдарымыздың жетістігі жеткізбек.
Білім • 16 Ақпан, 2024
2023-2024 оқу жылында бакалавриатта білім алуға 73 мың грант бөлінген. Ғылым және жоғары білім министрлігі сол гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға тағайындалғанын хабарлады. Бірақ елімізде бұл салада әлі де маман тапшы.
Технология • 16 Ақпан, 2024
«Кибер Тұмар» ақпараттық қауіптен қорғайды
Елімізде «Кибер Тұмар» атты ақпараттық білім жобасы басталды. Аталған іс-шара балалар мен жасөспірімдерді цифрлық ортада қорғауға бағытталған.
Ғылым • 11 Ақпан, 2024
1901-2023 жылдар аралығында 965 адам мен 27 ұйым Нобель сыйлығын иеленіпті. Сол лауреаттардың тек 65-і ғана, яғни 6 пайыздан сәл көбі – әйел. Осы және өзге де мәселелерге орай БҰҰ 2015 жылы 11 ақпанды Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ретінде бекітті. Бұл қадам ғылым, білім және өзге де салаларда әйелдердің жетістікке ерлермен тең жетуін қамтамасыз етуге шақыруды көздейді.
Ғылым • 08 Ақпан, 2024
Отандық ғалым обырға қарсы дәрі ойлап тапқанын бұқаралық ақпарат құралдары сүйіншілеп жазды. Дегенмен дерт діңкелеткен жандардың көкейінде сұрақ та, үміт пен күдік те көбейгендей. Санадағы сан сауалға жауап табу үшін ғалымның ғылыми жұмысымен арнайы барып таныстық. Үлкен істің анық-қанығына үңілдік.
Білім • 06 Ақпан, 2024
Әлемдік тәжірибеде жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингі тұрақты жарияланып тұрады. Бұл не үшін және кімге керек? Рейтинг, ең алдымен, талапкерлерге қажет. Сол рейтингтер негізінде сапалы білім алғысы келетін талапкер университет таңдайды.