
Білім • 28 Тамыз, 2020
Қазақстанның білім беру тарихында алғаш рет жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталғалы отыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жан-жақты мағлұмат берілді.
Руханият • 28 Тамыз, 2020
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «LIDERZ» кәсіби онлайн-мектебі іске қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім болды.
Руханият • 25 Тамыз, 2020
Елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Әл-Фараби әлемі» атты оқу-тәрбие орталығы ашылды. Орталық «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұламаның 1150 жылдығы аясында өтті. Шараға Еуразия ұлттық университетінің проректоры, алаштанушы, академик Дихан Қамзабекұлы, жазушы, драматург, Әл-Фарабитанушы, «Ғұлама-ғұмыр» драмасының авторы Жолтай Әлмашұлы қатысты.
Руханият • 25 Тамыз, 2020
Көшеде үй-күйсіз жүрген әлдебір ит яки мысықты көзіңіз шалса, не істер едіңіз? Бәлкім аянышпен қарарсыз да өтіп кетерсіз. Мүмкін сәл аялдап, қолыңыздағы бір түйір нанды беріп, бір күнгі аштықтан құтқарып қаларсыз. Бірақ бұл сол панасыз мақұлықтардың ертеңгі тыныш өміріне кепілдік бола ала ма? Қазақта «қайыр қылсаң, бүтін қыл» деген сөз бар. Қазақтың сөзін ұлты орыс отандасымыз қазақтың өзіндей берік ұстанған сыңайлы.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2020
Шетелдегі студенттер елге қайта ма?
Шетелде білім алу ғаламдық үрдіске айналды. Осы үрдіске қазақстандықтар да соңғы он жылдықта қарқынды қосылып келеді. Білім және ғылым министрлігінің жыл басында берген ақпаратына сәйкес, қазір бір ғана «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде 857 студент білім алып жатыр. Оның сыртында түрлі бағдарламалармен, шетелдік университеттердің ішінара гранттары бойынша немесе тіпті өз қаражатына оқып жүрген жандар қаншама?!
Білім • 24 Тамыз, 2020
Тәрбие мен білімді ұштастыру – басым бағыт
Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы алғаш рет онлайн-форматта өтті. Кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен былтырғы Тамыз конференциясы қорытындыланып, алдағы жұмыстың бағдары айқындалды. Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, педагогтер мен ғалымдар, сондай-ақ аталған саланың сарапшылары қатысты.
Білім • 20 Тамыз, 2020
Денешынықтыру пәніне дұрыс көзқарас қажет
Гаджеттер өмірімізге дендеп енбей тұрғанда ауладағы ойынның қызығына батқан балаларды ата-аналары қараңғы түссе де үйге кіргізе алмай жүретін. Ал «телефонмен туған» бүгінгінің балдырғандарын әке-шешелері үйден далаға шығара алмай әлек болады.
Экология • 18 Тамыз, 2020
Экологиялық білім беруге дайынбыз ба?
«Балаларға экологиялық білім берудің маңызы неде?» деген тақырыпта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен кең көлемді талқылау өтті. Онлайн режімдегі конференцияға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экономика ғылымының кандидаты, профессор Жақсыбек Құлекеев, «Wikibilim» қоғамдық қорының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы және экология саласының сарапшылары қатысты.
Білім • 17 Тамыз, 2020
Ата-аналар үмітпен күткен, талапкерлер тағатсыздана тосқан жаңалық та белгілі болып, мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл грант кімге бұйырды? Анығы, қай сала, қандай мамандықтарға бөлінді?
Білім • 16 Тамыз, 2020
Ата-ана күткен, талапкер тосқан жаңалық та жария болып, мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл грант кімге бұйырды? Анығы қай сала, қандай мамандықтарға бөлінді? Аз-кем саралап көрелік.