Қазақстан • 25 Тамыз, 2020
Шетелдегі студенттер елге қайта ма?
Шетелде білім алу ғаламдық үрдіске айналды. Осы үрдіске қазақстандықтар да соңғы он жылдықта қарқынды қосылып келеді. Білім және ғылым министрлігінің жыл басында берген ақпаратына сәйкес, қазір бір ғана «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде 857 студент білім алып жатыр. Оның сыртында түрлі бағдарламалармен, шетелдік университеттердің ішінара гранттары бойынша немесе тіпті өз қаражатына оқып жүрген жандар қаншама?!
Білім • 24 Тамыз, 2020
Тәрбие мен білімді ұштастыру – басым бағыт
Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы алғаш рет онлайн-форматта өтті. Кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен былтырғы Тамыз конференциясы қорытындыланып, алдағы жұмыстың бағдары айқындалды. Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, педагогтер мен ғалымдар, сондай-ақ аталған саланың сарапшылары қатысты.
Білім • 20 Тамыз, 2020
Денешынықтыру пәніне дұрыс көзқарас қажет
Гаджеттер өмірімізге дендеп енбей тұрғанда ауладағы ойынның қызығына батқан балаларды ата-аналары қараңғы түссе де үйге кіргізе алмай жүретін. Ал «телефонмен туған» бүгінгінің балдырғандарын әке-шешелері үйден далаға шығара алмай әлек болады.
Экология • 18 Тамыз, 2020
Экологиялық білім беруге дайынбыз ба?
«Балаларға экологиялық білім берудің маңызы неде?» деген тақырыпта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен кең көлемді талқылау өтті. Онлайн режімдегі конференцияға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экономика ғылымының кандидаты, профессор Жақсыбек Құлекеев, «Wikibilim» қоғамдық қорының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы және экология саласының сарапшылары қатысты.
Білім • 17 Тамыз, 2020
Ата-аналар үмітпен күткен, талапкерлер тағатсыздана тосқан жаңалық та белгілі болып, мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл грант кімге бұйырды? Анығы, қай сала, қандай мамандықтарға бөлінді?
Білім • 16 Тамыз, 2020
Ата-ана күткен, талапкер тосқан жаңалық та жария болып, мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл грант кімге бұйырды? Анығы қай сала, қандай мамандықтарға бөлінді? Аз-кем саралап көрелік.
Білім • 14 Тамыз, 2020
Оқушыларға қажет гаджеттер үлестіріледі
Қамқорлықты қажет ететін білім алушыларға көмек көрсетуді көздейтін «Оқушыны қолда» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Видео • 07 Тамыз, 2020
Қазақстандық скрипкашы зорлық-зомбылық туралы әлеуметтік ролик түсірді
Қазақстандық скрипкашы Асель Мекебаева балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы әлеуметтік ролик түсірді.
Білім • 03 Тамыз, 2020
Экология пәнін енгізуге әзірміз бе?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Каспий теңізі жағалауында итбалыққа тас лақтырған балаларды мысалға келтіріп, орта білім бағдарламасына өскелең ұрпаққа экологиялық білім беретін жаңа пән енгізуді тапсырды. Жаңа пән жаңа оқу жылында енгізіле ме? Оқулық дайын ба? Бұл пәннен кім, қандай мұғалім сабақ береді?
Медицина • 30 Шілде, 2020
Дамуды көздейтін адам да, мемлекет те сыннан сабақ алуға талпынады. Әлемді жаулаған пандемия елімізде өршіген сайын медицина ғылымын дамытуға лайықты көңіл бөлмегеніміз көріне бастады. Әлдебір зерттеусіз нақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. «Медицина ғылымын дамытуға не кедергі?» атты мақаламызда медицина ғылымы дамымаса, медицинаның дамымайтынын жазғанбыз. Осы жолы сол тұжырымымыздың дұрыстығына тағы бір мәрте көзімізді жеткізген, медицинада ғылым жасай жүріп отандық медицинаны дамытуға атсалысып келе жатқан, еліміздегі сирек мамандық иесімен таныстыруды жөн көрдік.