Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
886 материал табылды

Сұхбат • 04 Желтоқсан, 2020

Ғылым – тұрақты экономиканың діңгегі

Әлемдік деректер атласында (World Data Atlas) дүние жүзіндегі елдердің ғы­лымға жұмсаған қаражатының ста­тис­­тикасы жарияланыпты. Сон­да­ғы мәліметке сүйенсек, 2018 жылы Из­ра­иль ғылыми-зерттеулер мен әзір­ле­ме­­лерге ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 5,0 пайызын, екінші орындағы Оңтүстік Корея 4,8 пайызын, ал аталған көр­сет­кіш бойынша әлемдегі елдердің үздік үштігін аяқтайтын Швеция 3,3 пайызын бөлген. Қазақстан ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерге ІЖӨ-нің небәрі 0,1 пайызын бөлетінімен бауырлас Өзбекстан мен Әзербайжан елдерінен кейінгі 64-орынға тұрақтап тұр. «Ғылым – қаржылай қолдауға тікелей тәуелді» деп талай рет жаздық. Жоғарыдағы рейтингтен-ақ ғылымға бөлінетін қаржының теңізге тамған тамшыдай ғана екенін білуге болады. Иә, қаражат тым аз, бірақ сол бардың өзін ұқсата алып отырмыз ба? Анығын «Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары Бақытжан СӘРКЕЕВТЕН сұрадық.

Ғылым • 04 Желтоқсан, 2020

Сарсаңға салған сараптама

Ғылыми зерттеуші Алмасбек Шағырбай жас ғалымдарға арналған грантты иелену үшін конкурсқа өзінің құжаттарын тапсырды. Бірақ жобасы сараптамадан өтпей қалып, кері қайтарылыпты.

Білім • 25 Қараша, 2020

Білім сапасын қалай сақтап қаламыз?

Әлемде көптеген ел індеттен сақтану мақсатында мектеп­тер­ді қашықтан оқыту форматына көшірді, кейбірі оқу ошақтарын карантинге жапты. Соңғы уақытта PISA – Білім алушылардың жетістігін халықаралық бағалау бағ­дар­ла­ма­сының көрсеткіштері білімге айрықша көңіл бөлетін әлем елдерін алаңдатып отыр. Өйткені онда қашықтан оқытудың 3 айдағы нәтижесі бойынша дамыған елдердің өзінде білім сапасының айтарлықтай нашарлап кеткені көрсетілген.

Білім • 24 Қараша, 2020

Әр мектепте балалар өкілі болады

Еліміздегі мектептердің әрбірінде енді балалар өкілі болады. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасынан сайланатын балалар өкілі әр оқу ошағындағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысады. Бұл туралы 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні аясында өткен балалар өкілдіктерінің алғашқы республикалық слетінде айтылды.

Білім • 24 Қараша, 2020

Парақор педагог қайдан шығады?

Осыдан 2 жыл бұрын бір танысымыз мектепке ақша беріп жұмысқа тұрды. Ол осы әрекетін: «Барлық жерге түйіндемемді жібердім. Бірақ бәрінде бірдеңе дәметеді. Ал мен өз кәсібімді, мұғалімдікті шынымен жақсы көремін. Бала оқытқаннан ләззат аламын. Сүйікті ісіммен айналысу үшін осындай қадамға бардым. Өйткені басқа амалым қалмады. Таза жолмен жұмысқа жетемін деп қанша уақытымды жоғалттым. Бастысы, мен – маманмын ғой. Еден жуып жүріп, бала оқытып кеткен жоқпын», деп түсіндірді.

Білім • 24 Қараша, 2020

BALA QORǴAÝ проблеманы жедел анықтайды

Қазақстан кейінгі уақытта бала құқықтарын қорғау бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінен бой көрсетіп келеді екен. Бұл туралы 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай өткізілген брифингте айтылды.

Білім • 19 Қараша, 2020

«Бұлтты бухгалтерия» ашықтыққа бастайды

2021 жылдың басынан бастап Қазақстандағы барлық білім беру ұйымдары «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесіне көшуді бастайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Білім • 18 Қараша, 2020

Бірқатар сыныптар штаттық режімде оқытылады

Жаңа оқу жылы басталғаннан бері кезекші сыныптарда білім алып жатқан 302 оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 456 бала коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникация­лар қызметінде ІІ тоқсанға қатысты өткен брифингте айтылды.

Оқиға • 18 Қараша, 2020

Қауыннан чипсы жасаған ғалым

«Ғалымтану» бағытындағы жобамыздың кезекті кейіпкері Самалбек Оразбайұлының айтуынша, жастар арасында, әсіресе студенттерде дұрыс тамақтанбаудың кесірінен түрлі ауруларға шалдығу жайы көп кездеседі екен. Себебі олар тез дайындалатын тағамдар мен жарнамасы жақсы жүріп тұрған чипсы секілді құрғақ өнімдерге құ­мар. Осы мәселені өз бетінше шешуді көздеген ғалым біраз ізденіс пен жас­тар ден­сау­лығына деген жанашырлықтың нәтижесінде қауыннан чипсы жасап шы­ғар­ды.

Медицина • 18 Қараша, 2020

Мидың вирустан қорғануына белгі береді

Ішек жолдарының реакциясы немесе қарапайым тілмен айтқанда, бұзылуы мидың вирустан қорғана бастауының белгісі екен. Яғни ішек жолдарындағы реак­ция қандай да бір вирустың миға енгісі келетінінен хабар береді. Ғалымдардың тәжірибесі осындай қорытындыға әкелген.