
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Ұрпаққа қамқорлық – басты назарда
Ұрпағына барын берген ұлтымыз баланы өмірдің мәні мен сәні, жалғасы көреді. Бұл мұрат мемлекет миссиясында көрініс тауып отыр ма? Үкімет деңгейінде еліміздің ертеңі болар бүгінгі буынға қандай жағдай жасалып жатыр? Нәтижелер нені көрсетеді? Балалар күні қарсаңында шағын шолу арқылы жоғарыдағы сұрақтарға жауап табуға тырыстық.
Білім • 29 Мамыр, 2025
Негізгі ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) 16 мамыр күні басталған. Содан бері 52 мың адам тест тапсырып үлгерді. Олардың ішінде 163-і – ерекше білім беруді қажет ететін тестіленушілер. Үміткерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және қалған пайызы, нақтырақ айтқанда, 65-і ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Білім • 24 Мамыр, 2025
Бұл күн – мектеп түлектерінің талай жыл тәлім алған ұясынан ұшар сәті. Оларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздар мен балапандай баптаған ата-аналар үшін де көңіл толқытар шақ. Ал басқа сынып оқушыларына арқадан жүк түсіріп, тағы бір сатыны артқа тастайтын мерейлі мезет. Иә, бүгін еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылды.
Білім • 23 Мамыр, 2025
Әне-міне дегенше, оқу жылы да тәмамдалып қалды. Алда – жазғы демалыс. Оқушылардың каникулын қызықты, ең бастысы қауіпсіз ұйымдастырудың жолдары қайсы? Ата-аналар мен балалар жаз уақытын көңілді, маңыздысы ештеңеге ұрынбай, алаңсыз өткізуі үшін нені білуі керек? Бұған қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?
Білім • 17 Мамыр, 2025
Жоғары білімді тегін алуға ниетті талапкерлерге сын сағат туды. Үміткерлердің арасында биыл және өткен жылдары мектеп бітірген түлектер де, колледжді тәмамдағандар да, қандастар да бар. Елімізде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды.
Пікір • 15 Мамыр, 2025
Кейінгі уақытта ғалымдарды әлеуметтік қолдау күшейіп келеді. Соның бір дәлелі болар, біраз зерттеуші ешқандай пайызсыз, ипотекасыз, алғашқы жарнасыз, теп-тегін пәтер алды. Хабарлардан медицина, медиа, әскери, басқа да сала мамандарының да түрлі тиімді бағдарламамен үйлі болып жатқанын естиміз. Қуанамыз, әрине, бірақ соны кімдер алып жатыр? Үміткерді таңдау тәртібі мен беру талабы нағыз иесін табуға ықпал ете ме?
Білім • 14 Мамыр, 2025
Кедергісіз келешек кезек күттірмейді
Жақында жеті жасқа толатын Айтұмар Сәрсенбек биыл да не мектепке, не даярлық сыныбына бармайтын болды. Ал оның құрдастары 1-сыныпты бітіреді. Кішкентай кейіпкеріміздің тағы неше жыл қатарластарынан қалып қоятыны белгісіз. Себебі елімізде ол сияқты ерекше балаларды оқытатын арнайы ұйымдар аз, кезек көп. Қайтпек керек? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда дәл осы мәселеге назар аударып, елімізде ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек екенін шегелеп айтқан-ды. Түйткілдің түйінін түбегейлі тарқатудың тиімді жолы қайсы?
Байқау • 13 Мамыр, 2025
Әлемнің 110 елінен 50 мыңнан аса оқушы қатысқан Хьюстондағы «FIRST Championshi 2025» халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құрамасы үш жас санаты бойынша рекордтық нәтиже көрсетті.
Қоғам • 06 Мамыр, 2025
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Іс-шараны «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Өнертапқыш • 26 Сәуір, 2025
Ауыл баласы ғаламшарды зерттейтін жасанды интеллект үлгісін шығарды. Ғылымға құштар жас зерттеуші енді осы бағдарламасы арқылы Марстың климатын болжамақшы. Оның бұл жобасы халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, ғарыштық зерттеулер саласындағы жаңа қадамға айналып отыр.