Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3434 материал табылды

Жоба • 17 Қазан, 2024

Ауыл спортын дамытуға бағытталған жоба

Алматыда «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған «AuylSport» жобасының таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында қордың аймақ­тардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі, алдағы жоспарлары, соған сәйкес өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы толық мағлұмат берілді.

Жекпе-жек • 16 Қазан, 2024

Асуды азулы қарсылас күтіп тұр

Бұл күндері барша қазақ жанкүйерлері 19 қазанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 245 турнирін та­ғат­сыздана күтіп отыр. Сол кеште аса жеңіл салмақтағы Асу Алма­баев Бразилия спортшысы Матеус Николаумен күш сынасады.

Спорт • 15 Қазан, 2024

Жарыстар күнделігі

Қытайдың Тайан қаласында спорттық жарға өрмелеуден Азия чемпионаты аяқталды. «Жылдамдық» жаттығуында елі­міз­дің өрендері екі күміс медаль ие­ленді. Екеуі де жергілікті спортшылар­дан қалып қойды. Атап айтсақ, Әмір Маймұ­ратов Пэн Вуға есе жіберсе, Тамара Олжабаева Ши­сюэге жол берді.

Спорт • 15 Қазан, 2024

Абу-Дабиде бұйырғаны – үш қола

Дзюдодан Абу-Дабиде «Grand Slam» турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің 12 балуаны өнер көрсетіп, солар­дың үшеуі жеңіс тұғырына көтерілді.

Спорт • 11 Қазан, 2024

Дзюдодан әлем чемпионаты елімізде өтеді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырза­босынов Мажар­станның астанасы – Будапештке сапары барысында Ха­лықаралық дзюдо федера­циясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесіп, 2027 жылғы ерлер мен әйел­дер арасындағы әлем чемпионаты елімізде өтетіні туралы ортақ мәмілеге келіп, келісімге қол қойды.

Спорт • 11 Қазан, 2024

Үнділерді ұта алмады

Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер құрамасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастағанымен, ширек финалдық межеде оңбай сүрінді.

Спорт • 10 Қазан, 2024

UFC-ге Дияр Нұрғожай келді

Аралас жекпе-жектегі ең белді промоушен – UFC қазақтың тағы бір қайсар ұлымен толықты. Ол – Дияр Нұрғожай. 27 жастағы қандасымыз аталған ұйымның президенті Дана Уайттың мұрындық болуымен дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Dana White Contender Series» жарысында жеңіске жетуі арқылы үлкен мүмкіндікке ие болды.

Кәсіпқой бокс • 09 Қазан, 2024

Мейірім алтын белбеуге таласады

Кәсіпқой бокстан WBC нұсқасында орта салмақтың чемпионы Карлос Адамес келесі кездесуін әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы өткізеді. Бұл ақпаратты BatmanBoxing твиттер-аккаунты таратты.

Спорт • 09 Қазан, 2024

Жарыстар күнделігі

Мажарстанның Сомбатхей қала­сында спорттық гимнас­шы­лардың Әлем кубогінің кезеңдік сайысында Қазақ елінің әнұраны екі мәрте шырқалды. Қолды тіреп жасалатын жаттығуда Дарья Ясинская алтыннан алқа тақса, ерлердің бәсекесінде Асан Сәлімов алдына жан салмады.

Спорт • 09 Қазан, 2024

Бразилия – әлем чемпионы

Футзалдан Өзбекс­танның бас шаһары – Ташкентте өткен әлем чемпионаты Бра­зилия құрамасының же­ңісімен аяқталды. Фи­налда олар Арген­тинадан басым түсті.