Спорт • Кеше

Жас футболшылар Словенияда сайысқа түседі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-18) 3-10 қыркүйек аралығында Словенияның Рогла мен Предвор қалаларында өтетін «Slovenia Nations Cup-2025» деп аталатын халықаралық турнирде бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Жас футболшылар Словенияда сайысқа түседі

Бұл жарыста жасөспірімдер командасының аға жаттықтырушысы Кирилл Кекер мына шәкірттеріне сенім артып отыр: Қақпашылар – Шерхан Қалмырза, Диас Реймов («Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»). Қорғаушылар – Данияр Ташполатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Қенесбеков («Қайрат»), Шығыс Қалиев («Леванте», Испания), Аманжол Бақытжанов, Иван Пивоваров («Тобыл»), Дарын Оспанов («Ақтөбе»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Ертіс»). Жартылай қорғаушылар –Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик, Әлиден Мұсаипов, Мұхамедәли Әбіш («Қайрат»), Глеб Макридов, Әли Ақылбаев («Шахтер»), Захар Порох («Оқжетпес»). Шабуылшылар - Кәрім Махаметжан, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат («Қайрат»), Арсен Ахметов («Астана»), Бақдәулет Нұралы («Ордабасы»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания).

Тұсаукесер кездесуін жерлестеріміз 3 қыркүйекте БАӘ құрамасына қарсы өткізеді. Арада үш күн өткеннен ке йін Шотландиямен шеберлік байқасамыз. Ал 9 қыркүйекте Исландияға қарсы ойнаймыз.