Спорт • 04 Қыркүйек, 2022
Жүлде қоры – 200 миллион теңге
17 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда шахматтан Women Grand Prix-2022 деп аталатын аса ірі халықаралық турнирдің тұсауы кесіледі. Жүлде қоры 200 млн теңгені құрайтын жарыста әлемнің таңдаулы 12 ойыншысы бақ сынайды. Бұл ақпаратты «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі таратып отыр.
Спорт • 04 Қыркүйек, 2022
Осыдан дәл жарты ғасыр бұрын, яғни 1972 жылдың 5 қыркүйегінде әлемдік спорт тарихындағы болған қаралы оқиға төрткүл дүние жұртшылығын дүр сілкіндірді. Ол кезде Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Олимпия ойындары нағыз қызған шағына жеткен еді.
Спорт • 02 Қыркүйек, 2022
Орта салмақта күш сынасып жүрген 29 жастағы Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша толыққұқылы әлем чемпионы атанғаны кеше ғана. Соған қарамастан қазірдің өзінде оның иелігіндегі алтын белбеу үшін таласуға ниет білдіріп жатқан жуан жұдырықты жігіттердің қарасы көбейе түсуде. Солардың арасында бразилиялық Эскива Фалькао да бар.
Спорт • 02 Қыркүйек, 2022
10-18 қыркүйек күндері Сербияның астанасы – Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Аталған жарыста жер-жаһанның әр қиырынан жиналған апайтөстер күш сынасады. Олардың арасында Олимпия ойындары, дүниежүзілік және құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар. Осы байрақты бәсеке қарсаңында біз Қазақстан құрама командасы мүшелерінің мүмкіндігін саралап көруді жөн санадық. Әңгімемізді еркін күрес шеберлерінен бастасақ.
Спорт • 02 Қыркүйек, 2022
Велошабандоздардың «Вуэльта» көпкүндігі қайта жазық далаға ойысты. 11-кезеңдегі сайыс ЭльПозо Алиментасьон мен Кабо де Гата өңірлері аралығында өтті.
Спорт • 02 Қыркүйек, 2022
Футболдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың ширек финалдық ойындары Алматы, Тараз, Қызылорда және Нұр-Сұлтан қалаларында өтті.
Спорт • 02 Қыркүйек, 2022
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) өзінің жаңартылған рейтингін жария етті. Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш Геннадий Головкинге тиесілі.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2022
Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінің екінші кезеңінде қазақстандық теннисші Александр Бублик Испанияның өкілі Пабло Карреньо Бустамен күш сынасты.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2022
Теннистен Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінің алғашқы айналымы артта қалды. Бұл жарыстың жекелеген сайысында Қазақстанның үш өкілі өнер көрсеткен еді. Өкінішке қарай, еліміздің ең атақты ойыншысы Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде сүрінді. Ал Юлия Путинцева мен Александр Бублик келесі кезеңге өтті.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2022
8-11 қыркүйек күндері Польшаның Краков қаласында дзюдодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді.