Спорт • 25 Тамыз, 2022
Бүгін – футболшы, жаттықтырушы Құрбан Бердыевтың туған күні. Сексенінші жылдары Алматының «Қайратының» сапында өнер көрсетіп, кейіннен білікті бапкер ретінде танылған азамат асқаралы 60 жасқа толды.
Спорт • 25 Тамыз, 2022
«Губернатор кубогы» үшін таласады
Кеше Ресейдің Челябі қаласында шайбалы хоккейден «Губернатор кубогы» жолындағы жарыс басталды. Бұл бәсекеде Нұр-Сұлтанның «Барысы» да бақ сынауда.
Спорт • 25 Тамыз, 2022
Бір күндік үзілістен кейін «Вуэльта» додасы қайта жалғасты. Қызғалдақтар елі аумағында өткен бәсекелер аяқталғаннан кейін велошабандоздар Испанияны бетке алды.
Спорт • 24 Тамыз, 2022
Алтын белбеу Әлімханұлына беріледі
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) америкалық кәсіпқой боксшы Деметриус Андраденің суперорта салмақ дәрежесі бойынша «уақытша» чемпиондық атақ үшін ұлыбританиялық Зак Паркермен күш сынасуына рұқсат берді. Бұған дейін ол орта салмақтың алтын белбеуінен бас тартқан болатын.
Спорт • 24 Тамыз, 2022
Ертең Мажарстанда баскетболдың 3х3 түрінен жастар арасындағы Әлем кубогы басталады. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.
Спорт • 24 Тамыз, 2022
26-27 тамыз күндері Вьетнамның Хошимин қаласында таэквондодан жастар арасындағы Азия біріншілігі өтеді. Бұл жарыста Қазақ елі намысын 20 спортшы қорғайды.
Спорт • 24 Тамыз, 2022
Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, аралас жекпе-жектен UFC-де өнер көрсетіп жүрген Шавқат Рахмонов өзінің келесі кездесуін америкалық Стивен Томпсонмен өткізуі мүмкін.
Спорт • 24 Тамыз, 2022
Әлемнің бірқатар мемлекетінде жас жеткіншектер арасында өткен Tennis Europe және ITF Juniors турнирлерінде қазақстандық теннисшілер табысты өнер көрсетті.
Спорт • 23 Тамыз, 2022
29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте АҚШ-тың ашық біріншілігі басталады. «Үлкен дулыға» санатындағы бұл турнирге әлемнің барлық мықты теннисшісі қатысады деп күтілуде. Солардың арасында АТР мен WTA рейтингтерінде үздік бестіктің қатарында жүрген Даниил Медведев (Ресей), Александр Зверев (Германия), Рафаэль Надаль мен Карлос Алькарас (Испания), Новак Джокович (Сербия), Ига Швентек (Польша), Анетт Контавейт (Эстония), Мария Саккари (Грекия), Паула Бадоса (Испания) және Онс Жабер (Мысыр) сынды мықты ойыншылар да бар.
Спорт • 23 Тамыз, 2022
Almaty Urban Fest 2022 фестивалі өтеді
27 тамызда Алматыда урбанисті және экстремалды спорт түрлерінен «Almaty Urban Fest 2022» спорт фестивалі басталады. Алғашында іріктеу турнирі өтсе, одан кейін гранд-финалды тамашалаймыз. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 17 қыркүйек күні белгілі болады.