Сұхбат • 31 Мамыр, 2023
Санжар ДОСЖАНОВ, еркін күрестен Азия чемпионы: Тер төккенге бағынбайтын белес жоқ
Осыдан шамалы уақыт бұрын Астанада өткен Азия чемпионатында еліміздің еркін күрес шеберлері толағай табысқа қол жеткізіп, төрт бірдей өреніміз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген еді. Бас жүлде олжалаған балуандар арасында Санжар Досжанов та бар. Сол күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жиналған жанкүйерлер 70 кг салмақ дәрежесінде белдескен 23 жастағы жерлесіміздің өрелі өнеріне тамсанып, құлшына қол соққаны есімізде. Жақында Санжармен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Спорт • 31 Мамыр, 2023
Әзербайжанның астанасы – Бакуде таэквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Бұл жарыста еліміздің 16 спортшысы күш сынасып жатыр.
Спорт • 30 Мамыр, 2023
Татарстанның бас шаһарында дәстүрлі «Қазан марафоны» өтті. Бұл жарыста Ресейдің 80 аймағы мен әлемнің 16 мемлекетінен келген 11 566 спортшы бақ сынады.
Спорт • 30 Мамыр, 2023
Қайрат АХМЕТОВ: Мені «Қара жорға» рухтандырады
Таяуда АҚШ-тың Колорадо штатындағы Брумфилд қаласында аралас жекпе-жектен «ONE Fight Night 10» деп аталатын дүбірлі дода өтті. Сол жарыстың басты бәсекелерінің бірінде қазақтың қайсар ұлы Қайрат Ахметов өнер көрсетті. Ол «Найзағай» деген жанама есіммен танылған аустралиялық Рис Макларенді ұтты. Осы жеңісінің арқасында қандасымыз ONЕ FC промоушенінің чемпиондық белбеуі үшін таласу мүмкіндігіне ие болды. Алыстағы Америкадан оралған бетте Қайратпен әңгімелесудің сәті түсті.
Спорт • 29 Мамыр, 2023
Қарсыласымыз – азулы Аустралия
Ұлыбританияның астанасы – Лондонда Билли Джин Кинг кубогінің финалдық турнирінің жеребесі тартылды. Еліміздің теннисшілері В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Аустралия мен Словения құрамалары.
Спорт • 29 Мамыр, 2023
UFC-де өнер көрсетіп жүрген аралас жекпе-жектің хас шебері Шавқат «Номад» Рахмонов кезінде орта салмақтың «уақытша» чемпиондық белбеуі үшін таласқан Келвин Гастелуммен күш сынасқысы келетінін мәлім етті. АҚШ спортшысы да «кет әрі» емес секілді. Егер екі тарап ортақ мәмілеге келсе, жер-жаһан жанкүйерлері аса қызықты айқастың куәсі болатыны анық.
Спорт • 28 Мамыр, 2023
«Surprise Sports» басылымы әлемдегі ең бай кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Сол тізімде Қазақстанда дүниеге келіп, кейіннен өзінің тарихи отаны – Украинаға қоныс аударған Владимир Кличко да бар.
Спорт • 25 Мамыр, 2023
Жировтың есімі – әлемдік Даңқ төрінде
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткен салтанатты іс-шара барысында жекпе-жек өнерінің «Даңқ залына» еліміздің атақты боксшысы Василий Жировтың есімі енгізілді. Бұл жаңалықты жер-жаһандағы миллиондаған жанкүйер жылы қабылдады.
Спорт • 25 Мамыр, 2023
Үстел теннисінен Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дурбан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсті.
Спорт • 25 Мамыр, 2023
Марокконың астанасы – Рабатта өтіп жатқан WTA-250 турнирінде Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева үшінші кезеңге шықты.