Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3674 материал табылды

Спорт • 17 Мамыр, 2023

Әлем чемпионаты Астанада өтеді

Бокстан 2024 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Ас­танада өтеді. Бұл ақпа­рат Ха­лық­аралық бокс қауымдас­тығының (IBA) ресми сайтында жарияланды.

Пікір • 16 Мамыр, 2023

«Табыс» пен намыс

Тәуелсіздік алып, ға­сырлар тоғысында елдігіміз айқындалған кезеңдегі еркін күрестен өткен байрақты бәсекелерде Қазақ елі намысын жалғыз ғана қан­дасымыз қорғады. Ол – Мәулен Мамыров. Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Алаштың алтын асықтай ұлы Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының же­ңімпазы, құрлық чемпионы және сол секілді толып жатқан тағы басқа атақ­тары бар. Сол Мәулен бір сұх­батында «Мен кей кездері өзімді Ресей құ­рамасы сапында жүргендей сезінемін» деп ашына айтқан еді.

Спорт • 16 Мамыр, 2023

Кім жеңеді: Дамир ме, әлде Доусон ба?

Күні кеше ғана Ресейдің Орынбор өлкесінде туып-өскен қан­дасымыз Дамир «Қазақ» Исмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегін 1 шілде күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізетіні мәлім болды. Оның қарсыласы – Грант «Prophet» Доусон.

Спорт • 16 Мамыр, 2023

Дурбандағы додаға даярлық

Бұл күндері үстел теннисінен Қазақстанның ұлттық құрама командасы Алматыдағы ADD орталығында бас қосып, 20-28 мамыр аралығында Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дурбан қаласында өтетін әлем чемпионатына қызу даярланып жатыр.

Спорт • 15 Мамыр, 2023

Дохадан жүлдесіз оралды

Дзюдодан Катардың астанасы – Дохада өткен әлем чемпионаты өз мәре­сіне жетті. Бір аптаға со­зылған бәсекелер барысында бар­­лығы 14 жүлде жи­ын­­тығы сарапқа салынды. Өкінішке қарай, сол медаль­дердің бірде-бі­реуі Қазақ­станның балуан­да­рына бұйырған жоқ. Жер­лес­теріміздің арасынан ең үздік нәтижеге Әбиба Әбу­жақынова қол жеткізді. Аса жеңіл салмақта белдес­кен бұрымдымыз бесінші орынды қанағат тұтты. Бір­­ақ ол жеңіс тұғырына кө­теріле алмағаннан кейін бұл көрсеткішке көңіліміз толды деп айта алмаймыз.

Спорт • 14 Мамыр, 2023

Жәнібектің жарқын жеңісі

Кеш­е Америка Құрама Штат­тарының Кали­фор­ния штатын­дағы Сток­тон қаласын­да кәсіп­қой бокс кеші өтті. Сол дүбір­лі жарыстың бас­т­ы жекпе-жегінде қазақтың қайсар ұлы Жәнібек Әлімхан­ұлы кана­далық Стивен Батлер­мен күш сынасты.

Спорт • 11 Мамыр, 2023

Жеңілістен көз ашар емеспіз

Дзюдодан Дохада өтіп жатқан әлем чемпио­на­тының төртінші күні тағы екі салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынды. Өкінішке қарай, ел намысын қорғаған Абылайхан Жұбаназар мен Есмигүл Куюлова ел сенімін ақтай алмады.

Спорт • 11 Мамыр, 2023

Үш минутта – екі гол

Кеше УЕФА Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық матчы өтті. Бұл бәсекеде Италияның қос гранды – «Милан» мен «Интер» өзара күш сынасты.

Спорт • 11 Мамыр, 2023

Кавендиш – төртінші орында

Бұл күндері Апеннин түбегінде ве­ло­шабандоздардың «Джиро д’Ита­лия» көпкүндігі өтіп жатыр. Кеше бе­сінші кезең өз мәресіне жетті.

Спорт • 11 Мамыр, 2023

Жарысты сәтті бастады

Италияның астанасы – Римде теннис­тен ерлер мен әйелдер арасындағы «Мас­терс» турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт ойыншысы бақ сынауда.