Футбол • 13 Ақпан, 2024

Кот-д’Ивуардың жұлдызы жанды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Африка кубогі аяқталды. Аталған жарыс Кот-д’Ивуардың Абид­жан, Буаке, Корого, Сан-Педро және Ямусукуро қалаларында орналасқан алты стадионда өтті.

Кот-д’Ивуардың жұлдызы жанды

Қара құрлықтың әр қиырынан жиналған 24 елдің аяқдоп шеберлері алты топқа бөлініп, өзара күш сынасты. Солардың арасынан суырылып шыққандары плей-офф бә­секелеріне қатысты. Уақыт оза мық­ты­лар мен осалдардың аражігі ажырады. Жар­тылай финалда Нигерия мен ОАР біраз тіресті. 65 және 90-минуттарда олар пенальтиді алма-кезек сәтті орындады – 1:1. Қосымша уақытта есеп өзгерген жоқ. Содан кейін «футбол лотереясына» жүгінуге тура келді. Бұл ретте нигериялықтардың бағы жанды – 4:2. Келесі матч Кот-д’Ивуар мен Конго ара­сында өтті. Бұл бәсекенің тағдырын 65-минутта Себастьен Алле соққан жалғыз доп шешті – 1:0.

Абиджанда Нигерия мен Кот-д’Ивуар бас жүлдені сарапқа салды. Бұл тартыс алаң иелерінің пайдасына шешілді. 21-минутта қонақтар қорғаушысы Уильям Троост-Эконг есеп ашса, 62 және 81-минуттарда Франк Кесси мен Себастьен Алле екі голмен жауап қайырды – 1:2. Ал қола медаль үшін бәсекеде ОАР-дың ойыншылары Конгоны пенальтиден ұтты – 6:5.

 

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025