Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3671 материал табылды

Спорт • 26 Ақпан, 2025

Жарыс күнделігі

Шахматтан Монакодағы ФИДЕ Гран-приінің алғашқы айналымдарында испаниялық Сарасадат Хадемальшарьех (2458 ұпай), Катерина Лагномен (2515) тең түскен Бибісара Асаубаева (2492 ұпай) келесі ойында ресейлік Александра Горячкинаға (2546) есе жіберді. Одан кейін үндістандық Харика Дронавалли (2489), германиялық Элизабет Петц (2428), моңголиялық Батхуяг Мунгунтуулмен (2331) ұпай бөлісті. Қазір алты турдан кейін 2,5 ұпай жинаған Бибісара жарыс кестесінде 9-орында тұр.

Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2025

Шымбұлақта сайысқа түседі

28 ақпанда Алматыдағы Шымбұлақ тау шаң­ғысы курортында фристайлдың могул, параллельді могул, шаңғы акробатикасы түрлерінен Әлем кубогінің кезеңдік сайысы басталады. Үш тәулікке созылатын жарыста 17 мемлекеттен келген ­100-ден аса спортшы өнер көрсетеді.

Спорт • 26 Ақпан, 2025

Ташкенттегі тартыс

28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Ташкентте ранд Слэм турнирі өтеді. 23 мемлекеттен келген 250-ге тарта дзюдошы күш сынасатын жарыста еліміздің 20 балуаны өнер көрсетеді.

Спорт • 25 Ақпан, 2025

Жарыс күнделігі

Спорттық гимнастикадан Герма­нияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңдік сайысы Милад Каримидің жар­қын жеңісімен аяқталды. Еркін жаттығудың финалында ол 14,133 ұпай жинап, бас жүлдені олжалады. Күміс медальды жапония­лық Кацуки Минами (13,666) иеленсе, үздік үш­тікті италиялық Никколо Вануччи (13,533) түйіндеді.

Спорт • 25 Ақпан, 2025

«Төрт құрлықтың» жеңімпазы

Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде өткен «Төрт құрлық біріншілігінде» Михаил Шайдоров алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады. Кезінде аталған жарыста еліміздің спорт­шылары арасынан тек Денис Тен ғана топ жарған еді. Енді міне, араға 10 жыл салып, дәл сол қалада алматылық өрен даңқты жерлесінің жетістігін қай­та­лады.

Бокс • 25 Ақпан, 2025

Софиядағы сайыс

Болгарияның бас шаһары – Софияда «Странджа» турнирінің жалауы желбіреді. Бір аптаға созылатын дүбірлі додада әлем­­нің бірқатар мемлекетінен келген белді боксшылар бақ сы­найды. Солардың қатарында еліміздің ұлттық құрамасы да бар.

Спорт • 25 Ақпан, 2025

Жүлдесіз оралды

Швейцарияның Ленцерхайд қаласында әлем чемпионаты мәре­ге жетті. Жарыстың жалпыкомандалық есебінде Франция құрамасы алдына жан салмады. Олар 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медальды олжалады.

Жекпе-жек • 22 Ақпан, 2025

Асу Америкаға аттанды

Аса жеңіл салмақта (57 кг) күш сынасып жүрген қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев өз командасымен бірге Америкаға аттанды. Ол 2 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде Аустралияның арланы Стив Эрцегпен айқасуға тиіс еді. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл кездесу өтпейтін болды.

Спорт • 21 Ақпан, 2025

Жарыс күнделігі

2029 жылғы Х қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясында өтеді. Бұл жөніндегі шешім Камбоджада өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Бас ассамблеясында қабылданды. Бұған дейін аталған жарыстың жалауы тек төрт мемлекетте желбіреген еді, олар: Жапония (4 рет), Қытай (3 рет), Қазақстан (1 рет), Оңтүстік Корея (1 рет). Сауд Арабиясы қысқы Азиадаға биыл алғаш рет қатысты.

Жекпе-жек • 21 Ақпан, 2025

Жұманның жарқын жеңісі

Жалаң жұдырықпен күш сынасудан Алматыда өткен «Nomad Fighting Championship» 12 турнирінде Жұман Жұмабеков жарқын жеңіске қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантты.