Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
280 материал табылды

Спорт • 25 Ақпан, 2025

«Төрт құрлықтың» жеңімпазы

Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде өткен «Төрт құрлық біріншілігінде» Михаил Шайдоров алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады. Кезінде аталған жарыста еліміздің спорт­шылары арасынан тек Денис Тен ғана топ жарған еді. Енді міне, араға 10 жыл салып, дәл сол қалада алматылық өрен даңқты жерлесінің жетістігін қай­та­лады.

Бокс • 25 Ақпан, 2025

Софиядағы сайыс

Болгарияның бас шаһары – Софияда «Странджа» турнирінің жалауы желбіреді. Бір аптаға созылатын дүбірлі додада әлем­­нің бірқатар мемлекетінен келген белді боксшылар бақ сы­найды. Солардың қатарында еліміздің ұлттық құрамасы да бар.

Спорт • 25 Ақпан, 2025

Жүлдесіз оралды

Швейцарияның Ленцерхайд қаласында әлем чемпионаты мәре­ге жетті. Жарыстың жалпыкомандалық есебінде Франция құрамасы алдына жан салмады. Олар 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медальды олжалады.

Жекпе-жек • 22 Ақпан, 2025

Асу Америкаға аттанды

Аса жеңіл салмақта (57 кг) күш сынасып жүрген қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев өз командасымен бірге Америкаға аттанды. Ол 2 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде Аустралияның арланы Стив Эрцегпен айқасуға тиіс еді. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл кездесу өтпейтін болды.

Спорт • 21 Ақпан, 2025

Жарыс күнделігі

2029 жылғы Х қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясында өтеді. Бұл жөніндегі шешім Камбоджада өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Бас ассамблеясында қабылданды. Бұған дейін аталған жарыстың жалауы тек төрт мемлекетте желбіреген еді, олар: Жапония (4 рет), Қытай (3 рет), Қазақстан (1 рет), Оңтүстік Корея (1 рет). Сауд Арабиясы қысқы Азиадаға биыл алғаш рет қатысты.

Жекпе-жек • 21 Ақпан, 2025

Жұманның жарқын жеңісі

Жалаң жұдырықпен күш сынасудан Алматыда өткен «Nomad Fighting Championship» 12 турнирінде Жұман Жұмабеков жарқын жеңіске қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантты.

Күрес • 21 Ақпан, 2025

Алматыда – алапат айқас

25 ақпанда Алматыдағы Балуан Шолақ атын­дағы спорт сарайында PWL Кәсіпқой күрес лигасының турнирі өтеді. Оған әлем­нің әр қиырынан жи­налған атақты спортшылар мен еліміздің белді балуандары қатысады.

Күрес • 20 Ақпан, 2025

Қыздардың қарқыны қуантты

Минскідегі «Чижовка-Аренада» Олимпиада мен Еуропа чем­пио­на­тының үш дүркін жеңімпазы, әлемнің жеті дүркін чемпионы, КСРО мен Беларусьтың мақтанышы Александр Медведьті еске алуға арналған аса ірі халықаралық турнир аяқталды. Жа­рыста еркін және әйелдер күресінің өкілдері күш сынасты.

Күрес • 19 Ақпан, 2025

Күрес: Әлімхан алтын алды

Ресейдің Суздаль қаласында грек-рим күресінен генерал-лейтенант Роман Кутузовтың мемориалы аяқталды. Жарыста еліміздің бірнеше балуаны бақ сынағанымен, екеуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді.

Спорт • 19 Ақпан, 2025

Дзюдо: Ерасыл ғана ерледі

Былтыр Бакуде өткен Гранд-Слэм турниріне еліміздің 26 балуаны аттанып, солардың арасынан жалғыз ғана Әбиба Әбужақынова жеңіп алған жүлдені қанағат тұттық. Сол кезде көңіліміз кәдімгідей құлазып қалған еді.