Спорт • 27 Наурыз, 2023
Су добынан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы барлық кездесуде жеңіске жетіп, бас жүлдені олжалады.
Спорт • 27 Наурыз, 2023
Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 8 800 000 долларды құрайтын WTA 1000 турнирінің төртінші кезеңіне шықты.
Спорт • 26 Наурыз, 2023
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаттары тарихында Қазақстанның спортшылары осыған дейін үш рет қана жеңіс тұғырына көтерілген еді. Екі жүлде – Денис Теннің еншісінде. 2013 жылы Канаданың Лондон қаласында ұйымдастырылған жарыста ол күміспен күптелсе, арада екі жыл өткеннен соң Қытайдың Шанхайында қолаға қол созды. 2019 жылы Жапонияның Сайтамасында Элизабет Тұрсынбаева күміс медальды мойнында жарқыратты.
Спорт • 26 Наурыз, 2023
Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақтың қайсар ұлы Жанқош Тұраров мексикалық Алехандро Менесесті техникалық нокаутпен ұтып, бірінші жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша IBO нұсқасының чемпиондық белбеуін иеленді.
Спорт • 26 Наурыз, 2023
Алматыда аралас жекпе-жектен «Octagon 43» турнирі өтті. Бұл жарыста өз отандастарымыздан бөлек, алыс және жақын шет мемлекеттерден келген бірқатар танымал спортшылар өнер көрсетті.
Спорт • 26 Наурыз, 2023
Грузияның бас шаһары – Тбилисидегі Grand Slam турнирінде Қазақстанның дзюдошылары сәтті өнер көрсетіп жатыр. Алғашқы екі күннің нәтижесі бойынша жерлестеріміз үш жүлдеге қол жеткізді.
Спорт • 26 Наурыз, 2023
Футзалдан жастар арасындағы (U-19) Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирі ел құрамасы үшін сәтсіз ақталды.
Спорт • 20 Наурыз, 2023
Елімізде ұлттық спорт түрлерінің дамуына бірден-бір үлес қосып жүрген мекеме – Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы. Наурыз мерекесі қарсаңында аталған орталықтың бас директоры, кезіндегі Азия чемпионаты мен студенттер арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері, Сидней мен Афина Олимпиадасына қатысқан танымал дзюдошы Сағдат Садықовпен әңгімелескен едік.
Шахмат • 20 Наурыз, 2023
Штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) өзінің жаңартылған рейтингін жария етті. Бір қуантарлығы, үздіктер тізімінде Қазақстанның үш бірдей бұрымдысы бар. Олар – Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Динара Сәдуақасова.
Спорт • 17 Наурыз, 2023
21 наурызда Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Осы жарыстың басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров пен мексикалық Алехандро Менесес күш сынасады. Олар IBO Intercontinental нұсқасының чемпиондық белбеуін сарапқа салады.