Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3974 материал табылды

Теннис • 13 Қараша, 2023

Олжаға кенелген ойыншылар

Танымал Metaratings.ru сайт­ы биылғы маусымда WTA сана­­тын­дағы жарыстарда өнер көр­сетіп, ең көп табыс тапқан теннис­шілердің рейтингін жариялады. Үздіктер тізімінде Польшаның мақтанышы Ига Свентек көш бастап тұр.

Теннис • 13 Қараша, 2023

Жартылай финалға да жетпедік

Бұл күндері Испанияның Севилья қаласында теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогі өтіп жатыр. Жүлде қоры 9,6 млн долларды құраған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы В тобының фавориті саналғанымен олар ел сенімін ақтай алмады.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Жетпісбаев жүлдесі үшін белдесті

Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінде дзюдодан атақты балуан, білікті бапкер Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін республикалық турнир өз мәресіне жетті. Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген 550-ден аса балғын балуандар қатысты. Жарысты тамашалауға келгендер арасынан Саят Құдайбергенов, Ержан Кенжебаев, Руслан Сымтықов, Қайрат Күнсафин, Нұрбол Сүлейменов, Ұлан Рысқұл, Мейіржан Қашағанов, Ерлан Тәжіков, Ерлан Сіләмбаев, Батыр Имашев, Дастан Сәдуақасов, Марат Таханов, Айдос Валиев, Бекарыс Сәдуақас сынды танымал жаттықтырушылар мен спортшыларды көзіміз шалды.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Арайлымның алтыны

Самбодан Арменияның бас шаһары Ереванда өткен әлем чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты. Анықтап айтсақ, Арайлым Әбенова алтыннан алқа тағып, Әлібек Зекенов қола медальді мойнына ілді.

Футбол • 13 Қараша, 2023

Кімге сенім артылды?

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Еуро-2024» додасының іріктеу турнирінің алдағы матчтарында мына ойыншыларға сенім артатынын жария етті.

Хоккей • 13 Қараша, 2023

«Северстальды» сан соқтырды

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) қа­тарынан үш ойында ұтылып, жанкүйер­лер­ді әбден мезі еткен «Ба­рыс» осы жолы әупірімдеп жүріп жеңіске жетті.

Теннис • 13 Қараша, 2023

Өз орындарын сақтап қалды

Теннистен әйелдер арасындағы әлемдік рейтинг қайта жаңартылды. Қазақстанның ойыншылары WTA тізіміндегі өз орындарын сақтап қалды.

Жекпе-жек • 13 Қараша, 2023

UFC-дің мерейтойлық турнирі

Келесі жылдың көктемінде аралас жекпе-жектегі ең белді промоушен – UFC-дің мерейтойлық турнирі өтеді деп жоспарланып отыр. Дәл қазіргі кезде 300 мәрте ұйымдастырылғалы отырған жарыста кімдердің өнер көрсететіні анықталып жатыр.

Футбол • 13 Қараша, 2023

Жастар қарсылық көрсете алмады

Футболдан «Еуро-2024» додасының іріктеу сынына даярланып жатқан Қазақстанның ұлттық құрамасы еліміздің жастар командасына (U-21) қарсы жолдастық кездесу өткізді.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Бас жүлде – бізде

Алматыда каратэден Азияның ашық чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Жапония, Германия, Иран, Үндістан, Кувейт, Қырғызстан, Түрікменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы және Ресей құрамалары күш сынасты.

Яндекс.Метрика